Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР

Жаңалықтар  28.12.2016

«Қолданыста», «Орындалды» мәртебесіндегі шарттар үшін шартты сатып алуды өткізу қорытындыларына дейін ұзартуға арналған қосымша келісімді құру мүмкіндігі іске қосылды. Алдын-ала 2017 жылға арналған жылдық жоспар жобасын құру қажет, онда қосымша келісімді құру негізімен – Заңның 43-б. 18-т. жоспардың жаңа тармағын құру қажет. Шартты осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде, конкурс не аукцион тәсілімен қорытындылар шығарылғанға дейінгі кезеңге сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде ұзарту. Жоспардың осы тармағы негізгі шарттың жоспар тармағымен байланысқан болуы тиіс. Сатып алу тәсілі негізгі шарттағыдай таңдалады.

2017 жылы нақты орындау жоспарланған шарттарды орындау үшін (орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша төленетін кезде) нақты төлемдерді ағымдағы жылдың аяғында толтыру қажет. Өнім беруші төлеуге берілетін шотты бергеннен кейін 2017 жылы нақты орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің нәтижесінде алынған соманы ұлғайуға/азайтуға арналған қосымша келісімді құру қажет (жоспар тармағын өзгерту немесе құру қажет болғанда 2016 жылғы жылдық жоспарға өзгерістер енгізу қажет).

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ВЕБ-ПОРТАЛДЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  28.12.2016

2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енетіндігін хабарлаймыз (Қаржы Министрлігінің 03.10.2016ж. №521және 22.12.2016ж. №683 бұйрықтары).

Енгізілген өзгерістердің негізгі жаңашылдығы болып:

біріншіден, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актілерінің тек қана электронды нысанда веб-портал арқылы рәсімделуі;

екіншіден, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы жазылған шот-фактуралардың тек қана электронды нысанда рәсімделуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығы);

үшіншіден, өнім берушімен электронды нысанда веб-портал арқылы рәсімделетін жергілікті қамту үлесі бойынша есепті міндетті түрде ұсынуы табылады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  11.12.2016

Қол қоюға арналған бағдарлама нұсқасы жаңартылғанын хабарлаймыз, жаңартылуда файлдарға қол қоюмен байланысты қателік түзетілген.

Қателіктерді жою үшін, бағдарламаның жаңартылған нұсқасын жүктеңіз және тіркеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес орнатыңыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!

Жаңалықтар  06.12.2016

2016 жылғы 06.12 мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін МС субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылды.

Жылдық жоспардың үлгісін толтыру үшін PlanImports бағдарламасын орнату қажет. Жұмыс істеу алдында бағдарламамен жұмыс істеу нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  30.11.2016

30 қарашада мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылмайтындар үшін шарт карточкасын толтыру бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалдылығы жаңартылды, атап айтқанда:

- «Бір көзден сатып алу (МС емес)», «Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта (МС емес)», «Тауар биржалары арқылы (МС емес)» тәсілдері үшін жоспар тармақтарынан шартты құру

- «Баға ұсыныстарын сұрату (МС емес)», «Тендер (МС емес)» тәсілдері үшін сатып алу қорытындыларынан шартты құру.

Жүйе «Портал арқылы емес» жасасу нысанымен шартты қалыптастырады. Жасасудың осы нысаны шартты қағаз тасығышында жасасуды және шарттың сканирленген көшірмесінің файлын «Шарт және келісу» деген бөлімде қоса тіркей отырып, шарттың деректерін толтыруды болжайды.


Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР!

Жаңалықтар  29.11.2016

Мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдердің тоқтап қалуын болдырмау үшін, есептілік әкімшілеріне талап етілетін позициялармен Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасын (бұдан әрі - ТЖҚ БНА) толықтыру бойынша өтінімдерді алдын-ала жіберу қажет екенін хабарлаймыз.

Бұл ретте БНА» жүйесінде орналасқан іздеуді жүзеге асыру жолымен ұсынылатын позициялардың жоқтығына көз жеткізу керек екенін өтінеміз.

Осы функционал мемлекеттік сатып алу субъектілері арасында «Есептілік әкімшісі» рөлі бар қатысушылар үшін қол жетімді.

- Егер азғана өтінім санын жүктеу талап етілсе, онда веб-порталдың функционалын пайдалануға болады («Жұмыс кабинеті – ТЖҚ БНА қосу өтінімдері» бөлімі, «Құру» батырмасы);

- Егер өтінімдердің көп санын жүктеу талап етілсе, онда жеңілдету үшін өтінімдерді импорттау шаблонын пайдалану ұсынылады («Жұмыс кабинеті – ТЖҚ БНА қосу өтінімдері» бөлімі, «Импорт» батырмасы).

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  03.11.2016

2016 жылғы 2 қарашада www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының жаңғыртылған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде шарттың орындалуын қайтарып алу функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз. Шарттың орындалуын қайтарып алған кезде жүйе шарттың мәртебесін «Қолданыста» дегенге автоматты түрде жаңартады, шарт бойынша жоспар тармақтары мәртебесін «Шарт қолданыста» дегенге өзгертеді.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР

Жаңалықтар  28.10.2016

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес: Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады, 2016 жылғы 31 қазаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын орналастыру функционалы қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Сондай-ақ тиісті бюджетпен (даму жоспарымен) бекітілген (нақтыланған) 2017 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС иесі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі – анықтамалық) 30-таңбалы кодтау пайдаланылатын, анықтамалықтағы тауарларды дәл сәйкестендіру және салыстырып тексеру мүмкіндігін барынша кеңейтетін жаңа құрылымға көшкендігіне назар аударамыз. Осы орайда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-тың ЭМС АИАЖ-да пайдаланылатын анықтамалықты қолдауды тоқтататындығын, келесі жылға арналған сатып алуды жоспарлау анықтамалықтың 30-таңбалы нұсқасының негізінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  21.10.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының «2016 сатып алу» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес Веб-портал арқылы білікті өнім берушілердің тізіліміне қосуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру бойынша функционал қолжетімді.

"Жұмыс кабинеті" - "Хабарландыруларды іздеу(БӘӨТ)" бөлімінде хабарландыруды көре аласыз.

Әлеуетті өнім берушілерге іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру үшін құжаттарға қатысты түсінік берулермен танысу қажет.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  21.10.2016

Қазакстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР НКО) негізгі сертификаттарын Google Chrome, Mozilla, Internet Explorer және т.б. браузерлерге қосу мақсатында ҚР ҰКО және ҚР НКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудитінен өткізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл көрсетілген браузерлердің ҚР ҰКО берген SSL сертификаттарын пайдаланатын веб-сервистерге деген сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. WebTrust талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан өткен куәландырушы орталықтары әлемдік деңгейде тексерілген және сенімді мәртебесіне ие болады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, дауыс беру парағына өтіп, ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификатын танымал браузерлерге қосу жөнінде өз пікіріңізді білдіруді сұраймыз. Осы дауыс беру ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификаттарын аталған браузерлерге қосу процедурасына ықпал етеді.

Сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз.

Толығырақ