Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР


Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес: Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады, 2016 жылғы 31 қазаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын орналастыру функционалы қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Сондай-ақ тиісті бюджетпен (даму жоспарымен) бекітілген (нақтыланған) 2017 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС иесі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі – анықтамалық) 30-таңбалы кодтау пайдаланылатын, анықтамалықтағы тауарларды дәл сәйкестендіру және салыстырып тексеру мүмкіндігін барынша кеңейтетін жаңа құрылымға көшкендігіне назар аударамыз. Осы орайда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-тың ЭМС АИАЖ-да пайдаланылатын анықтамалықты қолдауды тоқтататындығын, келесі жылға арналған сатып алуды жоспарлау анықтамалықтың 30-таңбалы нұсқасының негізінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.