Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ВЕБ-ПОРТАЛДЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР!


2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енетіндігін хабарлаймыз (Қаржы Министрлігінің 03.10.2016ж. №521және 22.12.2016ж. №683 бұйрықтары).

Енгізілген өзгерістердің негізгі жаңашылдығы болып:

біріншіден, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актілерінің тек қана электронды нысанда веб-портал арқылы рәсімделуі;

екіншіден, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы жазылған шот-фактуралардың тек қана электронды нысанда рәсімделуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығы);

үшіншіден, өнім берушімен электронды нысанда веб-портал арқылы рәсімделетін жергілікті қамту үлесі бойынша есепті міндетті түрде ұсынуы табылады.