Тарифтер
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 516 бұйрығына сәйкес «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.
Заңға сәйкес, бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша ақылы негізде қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/ОД бұйрығының негізінде Қоғам арнайы құқық субъектісі болып танылды.
Веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) қызметтерінің бағасын монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіпте уәкілетті орган белгілейді.
Шарт жасасқаннан және қызмет ақысы төленгеннен кейін әлеуетті өнім берушілерге қолжетімділік беріледі.
Қызметті ұсынудың жоспарланған шарттары:
-
Қызмет мемлекеттік сатып алу веб-порталының мынадай функцияларын пайдалануды қамтитын болады:
- Мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы өтінім беру/толықтыру, бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісім беру;
- Баға ұсыныстарын беру;
- Мемлекеттік сатып алу туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері бойынша).
- Қызметтің құны өтінімнің (өнім беруші қатысу үшін таңдаған лоттардың жоспарлы сомасынан) немесе жасалатын шарттың (шарттың жоспарлы сомасынан) ең жоғары құнымен айқындалады, шектеу әрбір өтінім мен шарт үшін жеке қолданылады (ақы төленген кезең ішінде берілетін өтінімдер мен шарттардың саны шектелмейді). Ақы төлеу күнінен бастап есептелетін он екі (12) ай үшін жылына бір рет қызметке ақы төленеді.
Бағалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген. Бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
-
-
Шекті сома
- 1 миллион теңгеге дейін
- 10 миллион теңгеге дейін
- 100 миллион теңгеге дейін
- 1 миллиард теңгеге дейін
- Шектелмеген
-
-
-
Теңгедегі тариф
(2026 жылғы 1 қаңдардан 25 маусымға дейін)- Жылына 3 932 теңге
- Жылына 39 320 теңге
- Жылына 78 640 теңге
- Жылына 235 920 теңге
- Жылына 479 704 теңге
-
-
Теңгедегі тариф
(26 маусым 2026 жылдан бастап)- Жылына 3 677.20 теңге **
- Жылына 36 766.20 теңге **
- Жылына 73 533.56 теңге **
- Жылына 220 599.52 теңге **
- Жылына 448 552.28 теңге **
- бағалар уәкілетті орган өзге баға белгілегенге дейін қолданылады.
- цебағалар ҚҚС есебімен көрсетілген.
- осы бағалар оферта-шартта және жоспарлау кезінде қолданылады.
3. Ақша аудару жолымен төлемдерді енгізу үшін деректемелер:
|
АО «Центр электронных финансов» БИН 071140005693 IBAN KZ37551Z222000006KZT АО «Фридом Банк Казахстана» БИК KSNVKZKA Кбе 16 |
АО «Центр электронных финансов» БИН 071140005693 IBAN KZ736010111000171681 АО «Народный Банк Казахстана» БИК HSBKKZKX Кбе 16 |
АО «Центр электронных финансов» БИН 071140005693 IBAN KZ55914012203KZ00JG5 АО «Bereke Bank» БИК BRKEKZKA Кбе 16 |
ТМК 859 (Басқа санаттарға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер,
соның ішінде коммерциялық қолдау)
Төлем мақсаты: Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша
қызмет төлеу
Ауыстыру негізі: "2018 жылғы 27 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу және
квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Заңның 17-бабы 3-тармақшасы.
Ұлттық валютада ғана қаражат аударуға жол беріледі.
Қаражатты есепке алу төлем құжатында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша жүргізіледі, сондай-ақ төлем құжаты ақша аудару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы
банктерінің бірінде ашылған шот туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
Назар аударыңыз! Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде келесі күні есепке алынады (осыған байланысты Банктер дәл сол күні аударылатынына кепілдік бермейді, банктер аударымдарды 3 жұмыс күнінен дейін кідіртуі мүмкін).
Назар аударыңыз! Қызмет бір күнтізбелік жылға төленеді.
4. Қызмет шартқа қол қойылған және/немесе шартты төлеген күннен бастап және жыл соңына дейін ұсынылады. Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталына төлем жасау тәртібі жеткізушінің нұсқауларының «МС веб-порталды пайдалану үшін төлем» бөлімінде берілген
Қызметтерді ұсынуға неғұрлым икемді тұрғыдан келу мақсатында, мемлекеттік сатып веб-порталында жеке кабинеттерде «электронды әмиян» құрылатын болады, онда ақша қаражатын есепке алу жүргізіледі, осы әмияннан Қызметтерге төлеуді жүзеге асыру мүмкін болады.
Ескертпе:
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасы шеңберінде "Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша қызметтерге ақы төлемей жүзеге асырылады.
- "Мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтеріне шарт" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей жүзеге асырылады.
- Егер Тапсырыс беруші сатып алу лотында "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу" - 155 ерекшелігі көрсетілген жағдайда, "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу 1 АЕК мөлшерінде ең төменгі тариф бойынша жүзеге асырылады.
