Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР


«Қолданыста», «Орындалды» мәртебесіндегі шарттар үшін шартты сатып алуды өткізу қорытындыларына дейін ұзартуға арналған қосымша келісімді құру мүмкіндігі іске қосылды. Алдын-ала 2017 жылға арналған жылдық жоспар жобасын құру қажет, онда қосымша келісімді құру негізімен – Заңның 43-б. 18-т. жоспардың жаңа тармағын құру қажет. Шартты осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде, конкурс не аукцион тәсілімен қорытындылар шығарылғанға дейінгі кезеңге сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде ұзарту. Жоспардың осы тармағы негізгі шарттың жоспар тармағымен байланысқан болуы тиіс. Сатып алу тәсілі негізгі шарттағыдай таңдалады.

2017 жылы нақты орындау жоспарланған шарттарды орындау үшін (орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша төленетін кезде) нақты төлемдерді ағымдағы жылдың аяғында толтыру қажет. Өнім беруші төлеуге берілетін шотты бергеннен кейін 2017 жылы нақты орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің нәтижесінде алынған соманы ұлғайуға/азайтуға арналған қосымша келісімді құру қажет (жоспар тармағын өзгерту немесе құру қажет болғанда 2016 жылғы жылдық жоспарға өзгерістер енгізу қажет).