ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының «2016 сатып алу» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес Веб-портал арқылы білікті өнім берушілердің тізіліміне қосуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру бойынша функционал қолжетімді.
"Жұмыс кабинеті" - "Хабарландыруларды іздеу(БӘӨТ)" бөлімінде хабарландыруды көре аласыз.
Әлеуетті өнім берушілерге іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру үшін құжаттарға қатысты түсінік берулермен танысу қажет.
