Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!


30 қарашада мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылмайтындар үшін шарт карточкасын толтыру бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалдылығы жаңартылды, атап айтқанда:

- «Бір көзден сатып алу (МС емес)», «Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта (МС емес)», «Тауар биржалары арқылы (МС емес)» тәсілдері үшін жоспар тармақтарынан шартты құру

- «Баға ұсыныстарын сұрату (МС емес)», «Тендер (МС емес)» тәсілдері үшін сатып алу қорытындыларынан шартты құру.

Жүйе «Портал арқылы емес» жасасу нысанымен шартты қалыптастырады. Жасасудың осы нысаны шартты қағаз тасығышында жасасуды және шарттың сканирленген көшірмесінің файлын «Шарт және келісу» деген бөлімде қоса тіркей отырып, шарттың деректерін толтыруды болжайды.