Форматты-логикалық бақылау
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын тексеру "Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс",«Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион» және өткізілмеген АК, БААІЖК және АУК сатып алудың «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілдері бойынша жүзеге асырылады:
- егер лоттың бөлінген сомасы төрт мың еселенген (4 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, тауарлар бойынша;
- егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, жұмыстар бойынша;
- егер лоттың бөлінген сомасы сегіз мың еселенген (8 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, қызметтер бойынша.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын «Арнайы тәртіппен конкурс» тәсілі бойынша тексеру жүзеге асырылады:
- егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, жұмыстар бойынша;
- егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, қызметтер бойынша;
Тексеру өтінімге лот қосылған кезде жүзеге асырылады. Қаржылық тұрақтылық бойынша деректерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынды.
Қаржылық тұрақтылықты есептеу критерийлері төменде келтірілген:
№ | Критерий | Ескертпе |
---|---|---|
1 |
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігін құрауға тиіс |
|
2 |
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші кемінде үш пайызды құрауға тиіс; 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жарияланған сатып алу үшін өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес кемінде төрт пайызды құрауға тиіс. |
Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады: ТСК = ТС /Т х 100%, мұндағы:
|
3 |
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрауы тиіс |
Бұл критерий мынадай жағдайларда ескерілмейді:
|
4 |
Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрауы тиіс |
- ТАУАРЛАРДЫ мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта 1) және 2) тармақтарда көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.
- ҚЫЗМЕТТЕРДІ мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта 1), 2) және 4) тармақтарда көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.
- ЖҰМЫСТАРДЫ мемлекеттік сатып алуына қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта аталған шарттардың барлығына сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.
1, 3 және 4 критерий бойынша атап өтеміз: егер әлеуетті өнім берушінің табысы, негізгі қаражаты немесе еңбекке ақы төлеу қоры ағымдағы қаржы жылына 400000 АЕК Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) ұсынған деректерге сәйкес, онда жүйе осы өлшемшарттар бойынша лоттың қосылуын автоматты түрде өткізіп жіберетін болады.
«Қатысушы профилі - қаржылық тұрақтылық» қосымша парақшасында өз ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді қарау.
Жүйеде «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай тексерулер бар
№ | Негіз | ФЛК |
---|---|---|
1 |
МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) тармақшалары |
Тапсырыс берушілер шарт жасасуға құқылы өнім берушілердің тізімі (20.03.2025 ж. жағдай бойынша) |
2 |
МСА турадлы Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшалары |
Осы тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілердің тізімі (20.03.2025 ж. жағдай бойынша) |
3 |
МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасы |
Егер Тапсырыс беруші «Еңбек» ШЖҚ РМК, «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК ұйымдары болып табылмаса, онда жоспар тармағында тек тізбеден ТЖҚ кодтарын қосуға рұқсат етіледі. Бұл ретте шартта:
|
4 |
МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасы |
Егер Тапсырыс беруші «Еңбек» ШЖҚ РМК және «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК ұйымдары және олардың филиалдары болса, онда жоспар тармағында тек тізбеден ТЖҚ кодтарын қосуға рұқсат етіледі. Бұл ретте шартта Өнім беруші ретінде «Еңбек» ШЖҚ РМК және «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК және олардың филиалдарын таңдауға рұқсат етілмейді |
Назар аударыңыз: 1 және 2 тармақтарда көрсетілген тізімдерде тиісті тапсырыс берушілер мен өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайларда тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің көрсетілген тізімдері толықтырылатын болады».