Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  18.03.2016

Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2016 жылғы 14 наурыздан бастап сол арқылы Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ОБДШ АЖ) салық төлемдерінің деректерін беру жүргізілетін «е-Қаржымині» ИААЖ «Интеграциялық шина» кіші жүйесінде техникалық іркілістің тіркелгендігін хабарлайды, яғни салық төлемдері өнім берушілер орындаған міндеттемелерді ескере отырып уақтылы өзектендірілмейді.

Осылайша, конкурстарға және аукциондарға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің ОБДШ АЖ-дан салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) алған кезде 2016ж.14.03 бастап ағымдағы күнді қоса алғандағы кезеңде өнім берушінің салық міндеттемелері іс жүзінде төленгендігімен, берешектің бар екендігі туралы Мәліметтер алу қаупі туындайды.

Әлеуетті өнім берушілердің іс жүзінде салық міндеттемелерін төлегендігіне қарамастан салық берешегі бар екендігі туралы Мәліметтер алу фактілері анықталған жағдайда, әлеуетті өнім беруші қатысатын сатып алу өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдерін «е-Қаржымині» ИААЖ жобасының «Интеграциялық шина» кіші жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі толық қалпына келтірілгенге дейін ұзарту мақсатында, Орталық экраннан алынған растайтын суреттерді ұсына отырып, egz_ue@ecc.kz электрондық почтасы бойынша сауал жолдауды сұрайды.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  14.03.2016

2016 жылғы 11 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жаңа тұғырнамада «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

- Тапсырыс берушінің «Төлем туралы ақпарат» қойындысында төлемдер сомасын енгізуі, төлемдердің сомаларын нысандар бойынша бөлу, шарт нысандарын және бүкіл шартты орындау. Бұл ретте Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/жеткізілген тауарлардың қол қойылған актісі бар болса, онда төлемді енгізу кезінде бар актіні таңдауға болатындығын атап өтеміз (егер қол қойылған актілер болмаған жағдайда, алап таңдау үшін міндетті емес). Төлемді енгізгеннен кейін сомаларды шарт нысандары бойынша бөлу қажет және нысан бойынша барлық сома толтырылғаннан кейін бүкіл шарттың орындалуы мүмкін болады.

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.

Жаңалықтар  14.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурызда сағат 15.00 бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын сіздерге хабарлаймыз.


Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  11.03.2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.

Ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  10.03.2016

2016 жылғы 3 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында Анықтама – Сатып алу 2016 бойынша түсініктемелер бөлімінде 2016 жылғы мемлекеттік сатып алу саласында жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылғандығын сіздерге хабарлаймыз.


Толығырақ

УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІНІ БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУІН ТЕКСЕРУ.

Жаңалықтар  09.03.2016

Құрметті конкурстық және аукциондық комиссиялардың мүшелері!

ҚР Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) дайын болмау себебі бойынша борышкерлер жөнінде мәліметтер ұсынуда күні бүгінге дейін «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың жоқ екендігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты конкурстық және аукциондық комиссия мүшелері уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының Бірыңғай тізіліміне ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында борышкерлерді АІЖО ААЖ енгізуін тексеруді жүзеге асыруы қажет. Бұл үшін http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd сілтемесі бойынша өту және тиісті әлеуетті өнім берушінің БСН не ЖСН енгізу қажет.

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.

Жаңалықтар  09.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурыздан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Веб-портал арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  02.03.2016

2016 жылғы 29 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде 3 күн ішінде өнім беруші тарапынан растау болмаған кезде өнім берушінің деректерін порталдың автоматты түрде растауы бойынша функционалдылық енгізілген болатын. Яғни, егер өнім беруші шартты келіспеген болса, онда шарт келісуге жіберілген уақыттан бастап 3 жұмыс күнінен кейін жүйе тіркеу деректерінен мәндерді автоматты түрде алады:

- банк деректемелері;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығы бар басшының ТАӘ (осындай өкілеттігі бар қызметкер болмаған кезде БСАЖ-дан алынған «Басшының деректері» бөлімінен басшының ТАӘ көрсетіледі);

- байланыс жасау телефондары.

Бұл ретте шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгеруі тиіс, «Келісу» қойындысында жүйе порталдың деректерді растауын белгілеуі тиіс. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеті қол жетімді.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!

Жаңалықтар  26.02.2016

Шарттың мәтініне тармақтар қосу/алып тастау сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін болады!

Егер Ұйымдастырушы сатып алуды шарт жобасында нақты анықталған талаптармен жариялаған болса және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіскен болса, онда шарт жасасу кезінде жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мазмұнын өзгертуге әкеліп соқтыратын өзгерістерді шартқа енгізуге жол берілмейді.

Шартты жасасу кезінде шарт жобасына байланыс жасау деректері және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ тұлғасындағы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген алаптар бөлігінде өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда: қол қоятын тұлға туралы деректер, тараптардың деректемелері, төлем шарттары, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасын енгізуге арналған шот.

Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды анықтау, ішінара төлем жасау және т.б. бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, демек шарттағы ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болса, белгілеу үшін алдын ала сатып алуды жариялау кезінде төлемдер мен жарналарға арналған есеп айырысуларды сипаттайтын тармақтарды енгізу қажет. Егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болмаса, онда оларды хабарландыру шартының жобасында көрсету қажет. Шарт жасасу кезінде көрсетілген цифрлар редакцияланбайтындығын ескерген жөн.

Аванс төлеу және шарттың қамтамасыз етуін енгізу бөлігінде талаптарды көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі үлгі шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 19, 20, 21-қосымшаларындағы үлгі шаблондармен қатаң регламенттелген және өнім берушінің әрекеттеріне (аванстан бас тарту) байланысты өзгеруі мүмкін.

Толығырақ