НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!
Шарттың мәтініне тармақтар қосу/алып тастау сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін болады!
Егер Ұйымдастырушы сатып алуды шарт жобасында нақты анықталған талаптармен жариялаған болса және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіскен болса, онда шарт жасасу кезінде жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мазмұнын өзгертуге әкеліп соқтыратын өзгерістерді шартқа енгізуге жол берілмейді.
Шартты жасасу кезінде шарт жобасына байланыс жасау деректері және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ тұлғасындағы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген алаптар бөлігінде өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда: қол қоятын тұлға туралы деректер, тараптардың деректемелері, төлем шарттары, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасын енгізуге арналған шот.
Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды анықтау, ішінара төлем жасау және т.б. бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, демек шарттағы ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болса, белгілеу үшін алдын ала сатып алуды жариялау кезінде төлемдер мен жарналарға арналған есеп айырысуларды сипаттайтын тармақтарды енгізу қажет. Егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болмаса, онда оларды хабарландыру шартының жобасында көрсету қажет. Шарт жасасу кезінде көрсетілген цифрлар редакцияланбайтындығын ескерген жөн.
Аванс төлеу және шарттың қамтамасыз етуін енгізу бөлігінде талаптарды көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі үлгі шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 19, 20, 21-қосымшаларындағы үлгі шаблондармен қатаң регламенттелген және өнім берушінің әрекеттеріне (аванстан бас тарту) байланысты өзгеруі мүмкін.
