Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!


2016 жылғы 29 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде 3 күн ішінде өнім беруші тарапынан растау болмаған кезде өнім берушінің деректерін порталдың автоматты түрде растауы бойынша функционалдылық енгізілген болатын. Яғни, егер өнім беруші шартты келіспеген болса, онда шарт келісуге жіберілген уақыттан бастап 3 жұмыс күнінен кейін жүйе тіркеу деректерінен мәндерді автоматты түрде алады:

- банк деректемелері;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығы бар басшының ТАӘ (осындай өкілеттігі бар қызметкер болмаған кезде БСАЖ-дан алынған «Басшының деректері» бөлімінен басшының ТАӘ көрсетіледі);

- байланыс жасау телефондары.

Бұл ретте шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгеруі тиіс, «Келісу» қойындысында жүйе порталдың деректерді растауын белгілеуі тиіс. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеті қол жетімді.