ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2016 жылғы 14 наурыздан бастап сол арқылы Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ОБДШ АЖ) салық төлемдерінің деректерін беру жүргізілетін «е-Қаржымині» ИААЖ «Интеграциялық шина» кіші жүйесінде техникалық іркілістің тіркелгендігін хабарлайды, яғни салық төлемдері өнім берушілер орындаған міндеттемелерді ескере отырып уақтылы өзектендірілмейді.
Осылайша, конкурстарға және аукциондарға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің ОБДШ АЖ-дан салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) алған кезде 2016ж.14.03 бастап ағымдағы күнді қоса алғандағы кезеңде өнім берушінің салық міндеттемелері іс жүзінде төленгендігімен, берешектің бар екендігі туралы Мәліметтер алу қаупі туындайды.
Әлеуетті өнім берушілердің іс жүзінде салық міндеттемелерін төлегендігіне қарамастан салық берешегі бар екендігі туралы Мәліметтер алу фактілері анықталған жағдайда, әлеуетті өнім беруші қатысатын сатып алу өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдерін «е-Қаржымині» ИААЖ жобасының «Интеграциялық шина» кіші жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі толық қалпына келтірілгенге дейін ұзарту мақсатында, Орталық экраннан алынған растайтын суреттерді ұсына отырып, egz_ue@ecc.kz электрондық почтасы бойынша сауал жолдауды сұрайды.
