ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
2016 жылғы 11 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жаңа тұғырнамада «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:
- Тапсырыс берушінің «Төлем туралы ақпарат» қойындысында төлемдер сомасын енгізуі, төлемдердің сомаларын нысандар бойынша бөлу, шарт нысандарын және бүкіл шартты орындау. Бұл ретте Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/жеткізілген тауарлардың қол қойылған актісі бар болса, онда төлемді енгізу кезінде бар актіні таңдауға болатындығын атап өтеміз (егер қол қойылған актілер болмаған жағдайда, алап таңдау үшін міндетті емес). Төлемді енгізгеннен кейін сомаларды шарт нысандары бойынша бөлу қажет және нысан бойынша барлық сома толтырылғаннан кейін бүкіл шарттың орындалуы мүмкін болады.
