Уважаемые пользователи!
Жаңалықтар 27.08.2022
2022 жылғы
27 тамыздан бастап мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс
қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
қағидаларындағы өзгерістерге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі
ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын
балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу
бойынша мынадай пысықтаулар ауыстырылғанын хабарлаймыз:
1.
Хабарландыруды жариялау шарттарын өзгерту бөлігінде «Сатып алу» модулін түрлендіру.
Хабарландыруды ұйымдастырушы жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін орналастырады.
2. «Тәрбиеленушілер
мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу
бойынша конкурс»
тәсілімен сатып алудағы «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Техникалық тапсырмаға» 3-қосымшада «Перспективалық тарату мәзірі/Тағамдардың ассортименттік тізбесі / Тағамдардың технологиялық карталары» деген өрістің атауы өзгертілді.
3. Қызметтер
үшін - Қызметтер
берушіні таңдау өлшемшарттары (7-қосымша) және Қағидаларға сәйкес тауарлар үшін - Тауарлар берушіні таңдау
өлшемшарттары (8-қосымша) жаңартылды.
Назар
аударыңыз! Қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша есептеу Жұмыс тәжірибесі бөлігінде мынадай
нысан бойынша жүргізіледі:
-
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі (5 балдан аспайды, Ұйымдастырушы толтырады).
- Басқа
қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс
тәжірибесі (5 баллдан аспайды, Ұйымдастырушы толтырады).
- Алдыңғы 5
жылдағы қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі (Жалпы балл) - (5 баллдан аспаса, Жүйе толтырады) - жүйе «Мемлекеттік орта білім беру
ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыру
бойынша жұмыс тәжірибесі» және «Басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінде тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі» өрістерін қосады және 5 баллдан аспайтын мәнді шығарады.
4. Шағым
беру функционалы өзгертілді, жүйе шағымдану кезеңіне «Қайталама» немесе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір
көзден сатып алу» типімен «Сатып алу болған
жоқ» лот мәртебесі кезінде және өнім берушілерден өтінімдер болған кезде сатып
алуды құру мүмкіндігін, сондай-ақ «Сатып алу өтті» лот мәртебесі кезінде қорытындылар
хаттамасы жарияланған күннен кейінгі 5 жұмыс күніне шарт жасау мүмкіндігін
бұғаттайды.
Назар
аударыңыз! Өтінімдер болмаған жағдайда, жүйе «Бірінші/Қайталама» немесе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір
көзден сатып алу» типімен сатып алуды
құруды бұғаттамайды.
Құрметті пайдаланушылар!
Хабарламалар 27.08.2022
Осы хатпен 28.08.2022
00:00-29.08.2022 23:59 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың
жүргізілуіне байланысты https://omarket.kz. порталының қолжетімді болмайтынын
хабарлаймыз
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 24.08.2022
Лицензияларды қосу мүмкіндігі бөлігінде
«Рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылған конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға
өтінімдер беру кезіндегі проблемаға байланысты 2022 жылғы 31 тамызда сағат
18:00:00 келіп түскен «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың
аяқталу мерзімі 24 тамызда сағат 17:59:00-ден 31 тамызда сағат 17:59:59-ға
ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған
сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша
қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 24.08.2022
2022 жылғы 1 шілдеде «Рейтингтік-балдық жүйе
пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қаржы
министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығы қолданысқа
енгізілді.
Бұл тізбеге бірінші кезеңде тек 2 (екі) позиция: құрылыс-монтаждау
жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар енгізілген.
Осылайша, ұйымдастырушылар құрылыс-монтаждау
жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде
конкурстың бір түрін: ашық конкурсты немесе РБЖ пайдаланылатын конкурсты
таңдауға құқылы.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 23.08.2022
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 844 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 17 тамыздағы № 29177 тіркелді) Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 22.08.2022
Лицензияларды қосу мүмкіндігі бөлігінде «Рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылған
конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдер беру кезіндегі проблемаға
байланысты 2022 жылғы 24 тамызда сағат 18:00:00 келіп түскен «Электрондық сатып
алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімі 22 тамызда сағат
17:59:00-ден 24 тамызда сағат 17:59:59-ға ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша
өтіңіз.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 19.08.2022
«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (17.08.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (17.08.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!
Хабарламалар 18.08.2022
Лицензияларды қосу мүмкіндігі
бөлігінде «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып конкурс» тәсілімен сатып
алуға қатысуға өтінімдер беру кезінде проблемаға байланысты 18 тамызда
18:00:00-ден бастап 22 тамызда 17:59:59-ға дейінгі кезеңде түсетін «Электрондық
сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 22
тамызда сағат 18:00:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.
Кейінге қалдырылған сатып алулар
туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 18.08.2022
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің2022 жылғы 12 тамыздағы № 818 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 16 тамыздағы № 29137 тіркелді) Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына(Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы No 1252бұйрығымен бекітілген) толықтырулар енгізілді.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнөткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады
Внимание! Перенос закупок!
Хабарламалар 16.08.2022
Сообщаем, что в связи с проблемой при подаче заявок на участие в закупках способом «Конкурс с использованием рейтингово-бальной системы» в части возможности добавления лицензий сроки окончания приема заявок модуля «Электронные закупки» выпадающие в период с 16 августа 18:00:00 часов по 18 августа 17:59:59 часов были перенесены на 18:00:00 часов 18 августа 2022 года.
Для просмотра информации по закупкам, которые были перенесены, пройдите по следующей ссылке.
Толығырақ