Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  29.01.2024

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы №34 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы24 қаңтарда №33928 болып тіркелді) Біртекті түрлері және оларды беру (орындау,көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне(ҚР ҚМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №903 бұйрығымен бекітілген) өзгеріс енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  26.01.2024

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №6 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асыратын Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне өзгерістер енгізілді (ҚР ҚМ 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен бекітілді).
Бұл бұйрық 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енді.
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы, Президент істері басқармасы, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынышты ұйымдары жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, Республикалық маңызы бар мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы арқылы жүзеге асырылатыны бұйрықпен көзделген.
Бұдан басқа, түзетулер шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс және өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып конкурс тәсілдерімен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға Бұйрықты таратпау көзделген.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды және шарттарды ауыстыру!

Хабарламалар  25.01.2024

1. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Ашық конкурс», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «МС емес сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың бірінші кезеңі» деген сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімдері 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 10:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 09:00:00-ге түсетін, ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.

2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден 2024 жылғы 25 қаңтарда 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттық өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.

Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

2. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуды жүргізу тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

3. Порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 23:59:59-ға түсетін, қол қою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілген шарттарға қол қою мерзімдері 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 23:59:59-ға  ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Мерзімдері ауыстырылған шарттар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  24.01.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (22.01.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (22.01.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  22.01.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (17.01.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (17.01.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  16.01.2024

16.01.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  15.01.2024

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы 11 қаңтарда № 33902 болып тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне (ҚР ҚМ 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Хабарламалар  09.01.2024

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды. 2024 жылдың 9 қаңтар сағат 14.00 бастап интернет желісінде техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, Комитеттің ақпараттық жүйелері салықтөлеушілерге және СЭҚҚ уақытша қолжетімсіз. Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Табиғи монополиялар субъектілерінің барлық өнім берушілеріне!

Жаңалықтар  09.01.2024

Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 4-тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 474-тармағына сәйкес Заңның 39-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді сатып алу бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы шеңберінде тікелей жасасу жолымен бір көзден шарт жасасуға құқылы өнім берушілердің өзекті тізімі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша веб-порталдың басты парақшасында ФЛБ бөлімінде орналастырылған.

Бұл ретте, көрсетілген Тізімді табиғи монополия субъектісінің өнім берушісі толықтыру қажет болған жағдайда, Қаржы министрлігінің атына белгіленген нысан бойынша толтырылған мәліметті қоса ұсына отырып, өнім берушіні көрсетілген Тізімге енгізу туралы тиісті өтінішхат ұсыну қажет (нысанға сілтеме).

Сұрау салуларды қарау кезінде өнім берушінің «Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінде (Республикалық не Жергілікті) болуы басты шарт болып табылады.

Өтінімді қолданыстағы ақпараттық ресурстар арқылы (http://eotinish.gov.kz, documentolog.kz, eGov.kz, Қазпошта, немесе қолма-қол) Қаржы министрлігіне жолдау қажет.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 749365 телефонына хабарласуға болады.

Толығырақ