Жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 27.04.2017
Мемлекеттік сатып алулар веб-порталының жеке кабинетінде және басты бетінде мемлекеттік сатып алулар қатысушыларының сот органдары сервистеріне қол жеткізуін жеңілдету мақсатында "Сот кабинеті" электрондық сервисіне ауысу, сондай-ақ iOS, Android және Winphone платформалары үшін "Мобильді Сот кабинеті" қосымшасын жүктеу мүмкіндігі іске асырылғанын хабарлаймыз.
Сервистің жұмысы туралы толығырақ ақпаратпен басты бетінде танысуға болады
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІ!
Жаңалықтар 24.03.2017
Сізге «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 16-бабының 6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган шешімдер қабылдаған кезде 2017 жылғы 15 наурыздан бастап «алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау» функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты сатып алуды ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қараған жағдайда Сізге алдын ала рұқсат берудің жаңа хаттамасында көрсетілген ескертулерді ескере отырып, конкурстық өтінімдерді қайтадан сәйкестікке келтіру қажет.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР!
Жаңалықтар 10.03.2017Мемлекеттік сатып алу жүйесінде пайдаланылатын Тауарлар, жұмыстар, қызметтер анықтамалығына жаңа кодтар енгізу жөнінде ұсыныстар жіберу бөлігінде enstru.kz сайтына қол жеткізе алатын тұлғалар тізімі сілтеме бойынша орналастырылған
ТолығырақБАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
Жаңалықтар 09.03.2017«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Заңның 51-бабының 2-тармағында мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген
түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің
қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыратындығы
көзделген.
Заңның 51-бабының 4-тармағында Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды
өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында
жүзеге асырылатындығы көрсетілген.
Сонымен бірге Заңның 41-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы
шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайтындығы және онымен
мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасайтындығы көзделген.
Осылайша, Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша мемлекеттік
сатып алу туралы шарт жасасу тапсырыс берушінің хабарландыру жарияламай, яғни
бәсекелестік негізге сүйенбей өнім берушіні анықтауы арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Заңның 39-бабының 3-тармағының 42)
тармағы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде
тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген, тауарларды
өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында
сатып алу жөніндегі талап сақталмауы мүмкін».
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 01.03.2017
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР МЕН ӨНІМ БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мәселелері жөнінде келіп түскен хаттарды қарап, мынаны хабарлайды.
Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
Салық кодексінің 250-бабына сәйкес, Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар, соның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.
Бұдан басқа Салық кодексі 263-бабының 16-тармағында Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша өнім берушінің, яғни қаржылық қызметтер көрсетілген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеттері жоқ.
Бұған қоса «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызметтер көрсетілгені үшін комиссияны өндіріп алу төлемнің және (немесе) шартта көзделген ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы, яғни қаржылық қызмет көрсетілген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды, қызметтер көрсету актісін ресімдемей және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдемей веб-портал арқылы жүзеге асыру мүмкін деп есептейміз.
Тиісті түзетулер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілетін болады.
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Жаңалықтар 27.01.2017Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының 2017 жылға арналған тізбесімен мынадай сілтеме бойынша өтіп танысуға болатындығын хабарлаймыз
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Жаңалықтар 20.01.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін МС субъектілері болып табылмайтындарға арналған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылды.
Жұмыс істеу алдында жылдық жоспар үлгісін толтыру нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 18.01.2017
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді www.enstru.kz сайты арқылы ұсыну бойынша жауапты тұлғалар белгілеген пайдаланушыларды 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін тіркеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді бұдан әрі беру тәртібі www.enstru.kz сайтында тіркеуден өткен пайдаланушылар арқылы ғана жүргізілетіндігін атап өту қажет.
Сонымен бірге «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС осы пайдаланушыларды 2017 жылғы 25 қаңтарда 16-00 сағатта Анықтамалықтың жайғасымдарын өзгертуге өтінімдерді тіркеу және ұсыну тәртібі бойынша веб-семинар арқылы оқытуды жоспарлауда. Осыған байланысты Министрлік осы оқытуға мүдделі пайдаланушылардың кандидатураларын 2017 жылғы 23 қаңтарға дейінгі мерзімде B.Imangalieva@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұрайды.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 16.01.2017«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгерістер енгізілгендігін Сіздің назарыңызға жеткіземіз (ҚРҮҚ құжаттарына және ҚРҮҚ қосымшаға сілтеме).
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 30.12.2016
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы «2016 Сатып алу» модулінің функционалдылығын жаңартумен байланысты, 2016 жылы құрылған хабарландырулардың жобалары 2017 жылда жариялануға жатпайтынын хабарлаймыз. Сатып алуды құруды жариялау жүргізілетін жылда жүзеге асыруды өтінеміз.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 қаңтарды қоса алғанда жоғарыда аталған модульде хабарландыруларды құруға қолжетімділік жабық болатынын қосымша хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Толығырақ