БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Заңның 51-бабының 2-тармағында мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген
түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің
қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыратындығы
көзделген.
Заңның 51-бабының 4-тармағында Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды
өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында
жүзеге асырылатындығы көрсетілген.
Сонымен бірге Заңның 41-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы
шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайтындығы және онымен
мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасайтындығы көзделген.
Осылайша, Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша мемлекеттік
сатып алу туралы шарт жасасу тапсырыс берушінің хабарландыру жарияламай, яғни
бәсекелестік негізге сүйенбей өнім берушіні анықтауы арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Заңның 39-бабының 3-тармағының 42)
тармағы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде
тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген, тауарларды
өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында
сатып алу жөніндегі талап сақталмауы мүмкін».
