Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді www.enstru.kz сайты арқылы ұсыну бойынша жауапты тұлғалар белгілеген пайдаланушыларды 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін тіркеу қажеттілігі туралы хабарлайды.

Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді бұдан әрі беру тәртібі www.enstru.kz сайтында тіркеуден өткен пайдаланушылар арқылы ғана жүргізілетіндігін атап өту қажет.

Сонымен бірге «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС осы пайдаланушыларды 2017 жылғы 25 қаңтарда 16-00 сағатта Анықтамалықтың жайғасымдарын өзгертуге өтінімдерді тіркеу және ұсыну тәртібі бойынша веб-семинар арқылы оқытуды жоспарлауда. Осыған байланысты Министрлік осы оқытуға мүдделі пайдаланушылардың кандидатураларын 2017 жылғы 23 қаңтарға дейінгі мерзімде B.Imangalieva@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұрайды.