Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  22.06.2022

2022 жылғы 22 маусымда сағат 22:30-дан бастап 23:15-ке дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейтін болады.

Осы себептен сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала беруді сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  21.06.2022

2022 жылғы 21 маусым сағат 22:30-дан бастап 23:15-ке дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейтін болады.

Осы себептен сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала беруді сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  21.06.2022

2022 жылғы 21 маусымда мынадай пысықтаулар іске асырылды:

- егер шарттың жалпы сомасы 1000 АЕК-тен аспайтын болса, жергілікті қамту туралы есепті толтыру кезінде тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну қажеттілігін болдырмау бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Өнім берушінің нұсқаулығынан танысуға болады;

- тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығына тексеруді жүзеге асыру бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Тапсырыс берушінің нұсқаулығынан танысуға болады;

- құрылыс саласындағы орындалған жұмыстар актісіне «Авторлық қадағалау сарапшысы» типімен өкілді қосу мүмкіндігі бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Өнім берушінің нұсқаулығынан танысуға болады;

- шарттардың үлгі шаблондарын жаңарту бөлігінде;

- сатып алынатын Тауарлардағы, Жұмыстар мен Қызметтердегі елішілік құндылық туралы есептің үлгі нысанын жаңарту бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Өнім берушінің нұсқаулығынан танысуға болады;

- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілінде құжаттама ережелерін талқылау функционалын қосу бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Ұйымдастырушының нұсқаулығынан танысуға болады;

- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілінде шартты жеңілдіктерді толтыру кезінде өлшемшарттар мен берілетін балл санын өзгерту бөлігінде. Толығырақ сілтеме бойынша Ұйымдастырушының нұсқаулығынан танысуға болады;

- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілі бойынша өнім беруші өтінім жасаған кезде демпингті 10%-ға өзгерту бөлігінде;

«Ашық конкурс» сатып алу тәсілінің «Құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобаны сатып алу» белгісі «Құрылыс-монтаж жұмыстары" және «Жобалау бойынша жұмыстар» белгілеріне бөліну бөлігінде

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  17.06.2022

«2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.

Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мынадай санаты кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.

Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген тауарлар санатының техникалық ерекшелігі электрондық каталогтан қалыптасатынын ескере отырып, 2022 жылғы 15 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 шілдеге дейін OMarket электрондық дүкенінде тауарлардың жаңа түрін қосу бойынша функционал тоқтатыла тұрады.

Электрондық дүкенді тауарлардың электрондық каталогымен (e-catalog.gov.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін тауарлардың жаңа түрін қосу қайта басталатынын қосымша хабарлаймыз.

Құрметпен, OMarket.kz командасы».

Толығырақ

Хабарламаларды SMS арқылы тарату

Жаңалықтар  16.06.2022

Құрметті Өнім беруші! Сізге хабарламаларды SMS-тарату функциясы іске қосылғандығын хабарлаймыз. SMS хабарламалары Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының телефон нөмірлеріне жіберіледі. Хабарламаның жіберушісі «GOSZAKUP» болады. Бұл функцияны қолдану үшін ұялы телефонның нөмірін «Жеке деректер» - «Байланыс құралдары» бөлімінде жаңартып, байланыстырыңыз.
СМС-хабарламалар ақпараттандырудың негізгі әдістерінің бірі емес, қосымша ақпараттың бірі екенін ескеріңіз. Ұялы байланыс операторларының жұмысына, абоненттің қол жетімділігіне және басқа да бірқатар тәуелділіктерге байланысты, веб-порталдағы Жеке кабинеттегі хабарламаларды қарауды ұсынамыз. 

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  14.06.2022

2022 жылғы 14 маусымда сағат 13:20-дан бастап 13:55-ке дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты 2022 жылғы 14 маусымда сағат 13:05-тен 14:05-ке дейінгі кезеңге түсетін «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс», «Аукцион (2022 жылдан бастап)» сатып алу тәсілдері бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 14 маусымда сағат 15:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!!!

Жаңалықтар  13.06.2022

С 13 июня 2022 года на веб-портале реализован функционал для проведения государственных закупок способом «Открытый конкурс» с признаком «Закупка строительно-монтажных работ и проектирования (пилот)» в рамках Правил осуществления государственных закупок при реализации (внедрении) пилотных проектов по строительству объектов в отраслях здравоохранения, образования и жилищного строительства, являющихся технически не сложными, строительство которых предполагается по типовым проектам, типовым проектным решениям и проектам повторного применения, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 9 апреля 2021 года №320.

Данный функционал предусмотрен для реализации пилотных проектов города Нур-Султан, а также Северо-Казахстанской и Жамбылской областей.

С подробной инструкцией можно ознакомиться по ссылке

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  13.06.2022

«Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)» және «Екінші санаттағы рұқсаттар» құжаттамаларында сұрату салуларды өңдеу кезінде «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі тарапынан техникалық қателікке байланысты 2022 жылғы 13 маусымда сағат 08:34:00-ден 18:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу» «Баға ұсыныстарын сұрату (new МС емес)» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 14 маусымда сағат 18:00:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Сондай-ақ «Аукцион (2022 жылдан бастап)» сатып алу тәсілімен сауда-саттықты өткізу күндері 2022 жылғы 14 маусымға кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!

Хабарламалар  13.06.2022

2022 жылғы 13 маусымда сағат 22:00-ден бастап 22:45-ге дейінгі кезеңде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» АЖ-да техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  10.06.2022

Сатып алу мәртебесінің уақтылы ауыспауы себебінен орын алған техникалық проблемаға байланысты 10.06.2022 ж. 09:00-ден бастап 10.06.2022 ж. 11:00-ге дейінгі кезеңде келіп түскен аукциондық сауда-саттықты өткізу уақыты 13.06.2022 ж. ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ