Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


«2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.

Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мынадай санаты кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.

Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген тауарлар санатының техникалық ерекшелігі электрондық каталогтан қалыптасатынын ескере отырып, 2022 жылғы 15 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 шілдеге дейін OMarket электрондық дүкенінде тауарлардың жаңа түрін қосу бойынша функционал тоқтатыла тұрады.

Электрондық дүкенді тауарлардың электрондық каталогымен (e-catalog.gov.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін тауарлардың жаңа түрін қосу қайта басталатынын қосымша хабарлаймыз.

Құрметпен, OMarket.kz командасы».