Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА ТРАНСФЕРТТЕР ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУ ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ!


Құрметті пайдаланушылар!

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2015 жылғы 08 желтоқсаннан бастап «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» сатып алу жүргізу функционалы қол жетімді екендігін хабарлаймыз.

Бұл үшін мемлекеттік мекемелер жылдық жоспардың тармағын құру кезеңінде «Қаржыландыру көзі» алабында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес шығыстарды көрсетпеу мүмкіндігі ұсынылған.

Егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін «Конкурс және аукцион» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен және «Баға ұсыныстары» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.