Жаңалықтар
2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз
Жаңалықтар 30.01.2018
2018 жылғы 30 қаңтарда мемлекеттік сатып алу веб-порталында ТЖҚБНА және ББС анықтамалықтарын жаңарту бөлігінде, 2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз. Мәзірге «ММ кодтарын жаңарту» опциясы қосылды.
Қаржы министрінің бұйрығы күшінің, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қарым-қатынастарға тарауына қатысты
Жаңалықтар 24.01.2018
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ҚР ҚМ 2017 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен енгізілген түзетулерге сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға тиісті лицензиясы бар құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушылар материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын құжаттарды ұсынбауына болады. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.
Бұл ретте қаралып отырған жағдайда Қағидаларға енгізілген түзетулердің кері күші көзделмеген.
Осыған байланысты Қаржы министрлігі 2017 жылы басталған конкурстық рәсімдер 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қағидаларға сәйкес аяқталуы тиіс екендігін хабарлайды».
«Қазақтелеком» АҚ-да техникалық жұмыстары
Жаңалықтар 22.01.2018
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті
Жаңалықтар 16.01.2018Қазынашылық жүйеде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейін құруға байланысты , мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Ауылдық округтің, ауылдың, поселканың, аудандық маңызы бар қаланың бюджеті» бюджетінің түрі қосылды
ТолығырақНазар аударыңыз!
Жаңалықтар 12.01.2018Құрметті мемлекеттік сатып алулар веб-порталының тапсырыс берушілері! 2017 жылға арналған жылдық жоспарға өзгерістер енгізу функционалдығы 2018 жылдың 1 ақпанына дейін қол жетімді болады. Осыған байланысты қажет болған жағдайда жылдық жоспарлар мен келісімшарттарға уақтылы өзгерістер енгізуді сұраймыз.
ТолығырақҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР МЕН ӨНІМ БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
Жаңалықтар 10.01.2018
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мәселелері жөнінде келіп түскен хаттарды қарап, мынаны хабарлайды.
Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
Салық кодексінің 250-бабына сәйкес, Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар, соның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.
Бұдан басқа Салық кодексі 263-бабының 16-тармағында Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша өнім берушінің, яғни қаржылық қызметтер көрсетілген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеттері жоқ.
Бұған қоса «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызметтер көрсетілгені үшін комиссияны өндіріп алу төлемнің және (немесе) шартта көзделген ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы, яғни қаржылық қызмет көрсетілген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды, қызметтер көрсету актісін ресімдемей және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдемей веб-портал арқылы жүзеге асыру мүмкін деп есептейміз.
Тиісті түзетулер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілетін болады.
Тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсыру актілеріндегі күнді түзету
Жаңалықтар 10.01.2018
Құрметті пайдаланушылар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілерінде электрондық актіні құру күні көрсетілген болатын. Осыған байланысты, 2018 жылғы 10 қаңтарда Орталықтың мамандары 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін құрылған және бекітілген, тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілеріндегі күнді өнім берушінің актіні жіберу күніне ауыстырған болатын.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістерге сәйкес (Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы) тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілерінде тапсырыс берушінің актіге қол қою күні көрсетілетінін қосымша хабарлаймыз.
ТолығырақNCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз
Жаңалықтар 29.12.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) 2017 жылғы 29 желтоқсанда NCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз, соңғы қол жетімді нұсқа 3.0. ҚР ҰКО ЭЦҚ Порталда жұмыс істеу үшін ұсынылған жаңартуларды көшіріп жүктеу қажет.
Камералдық бақылаудың функционалдылығы жаңартылғанын хабарлаймыз
Жаңалықтар 28.12.2017
2017 жылғы 27
желтоқсанда Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік аудиттің уәкілетті
органы «Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату», «Тауарлық
биржалар», «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілдері
бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыратынын хабарлаймыз. Өткізілген
камералдық бақылаудың негізінде, егер бұзушылықтар анықталса, Мемлекеттік
аудиттің уәкілетті органы «Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату»
сатып алу тәсілдері бойынша – Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына,
«Тауарлық биржалар», «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу
тәсілдері бойынша – Тапсырыс берушіге бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
жібереді. Тапсырыс беруші үшін хабарламаны орындау туралы егжей-тегжейлі
сипаттама Тапсырыс берушінің нұсқаулығында мынадай сілтеме бойынша, Ұйымдастырушының нұсқаулығында мынадай сілтеме бойынша келтірілген.
Тапсырыс берушілердің назарына, жаңа функционалдылықты іске қосу!
Жаңалықтар 28.12.2017
2017 жылғы 28 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай функционалдылықтар іске қосылатындығын хабарлаймыз:
1. Сатып алуға арналған өтінімді Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы құру және жіберу. Сатып алуларын Бірыңғай ұйымдастырушы «ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті» (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) жүргізетін Тапсырыс берушілер сатып алуға арналған өтінімдерді бірыңғай ұйымдастырушыға Портал арқылы жолдай алады. Мынадай нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.
2. Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен интеграциялау. Тапсырыс берушілердің жұмыс кабинетінде, «Сот органдарының электрондық шешімдері» деген бөлімде 2017ж.27.12. бастап заңды күшіне енген, онда Тапсырыс берушінің ұйымы талап қоюшы ретінде көрсетілген сот шешімдері автоматты түрде бейнеленеді. Электрондық шешімдерді ЖҚТ енгізуге өтінімдер құрған кезде пайдалану қажет. Нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.
Толығырақ