Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Тапсырыс берушілердің назарына, жаңа функционалдылықты іске қосу!


2017 жылғы 28 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай функционалдылықтар іске қосылатындығын хабарлаймыз:

1. Сатып алуға арналған өтінімді Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы құру және жіберу. Сатып алуларын Бірыңғай ұйымдастырушы «ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті» (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) жүргізетін Тапсырыс берушілер сатып алуға арналған өтінімдерді бірыңғай ұйымдастырушыға Портал арқылы жолдай алады. Мынадай нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.

2. Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен интеграциялау. Тапсырыс берушілердің жұмыс кабинетінде, «Сот органдарының электрондық шешімдері» деген бөлімде 2017ж.27.12. бастап заңды күшіне енген, онда Тапсырыс берушінің ұйымы талап қоюшы ретінде көрсетілген сот шешімдері автоматты түрде бейнеленеді. Электрондық шешімдерді ЖҚТ енгізуге өтінімдер құрған кезде пайдалану қажет. Нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.