Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Всем пользователям веб-портала!

Хабарламалар  17.10.2022

Настоящим сообщаем, что в связи с техническими проблемами на стороне провайдера связи,  дозвон в техническую поддержку по номеру 8-800-080-34-37 временно недоступен.

В этой связи просим направлять  обращения на электронную почту support@ecc.kz

Приносим извинения за предоставленные неудобства.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  14.10.2022

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29921 болып тіркелген), 2022 жылғы 15 қазанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

- «Сатып алулар» модулінде

1. негіздемелік келісімді пайдаланып, конкурстың бірінші кезеңі тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу мүмкіндігі іске асырылды. Ұйымдастырушының нұсқаулығында мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады. Толығырақ өнім берушінің нұсқаулығында мына сілтеме бойынша танысуға болады;

2. аукциондық құжаттаманың, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен конкурстық құжаттаманың шаблондары жаңартылды.

- «Шарттар» модулінде:

1. Тапсырыс берушіге шарттарда «Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен» қаржылық тұрақтылық талабын белгілеу мүмкіндігі іске асырылды. Тапсырыс берушінің нұсқаулығында толығырақ танысуға болады

2. шарттардың типтік үлгілері жаңартылды:

- Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт

(техникалық-экономикалық негіздеме);

- Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт. 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  13.10.2022

2022 жылғы 13 қазанда Тапсырыс берушінің «Заңның 45-бабы 2-тармағы 10) тт. Төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде шартты өзгерту» негізі бойынша қосымша келісімдер жасау мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылды. Бұндай негіз «Шарттың мәндері» қойындысындағы мән бойынша жеткізу мерзімін редакциялауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген негіз бойынша қосымша келісім жасау үшін «Қосымша келісімдер» қойындысында қажетті мәні бар жолда осы негізді таңдап, содан кейін «Қосымша келісім жасау» батырмасын басу керек.

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде жол берілетініне назарыңызды аударамыз.


Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  13.10.2022

Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 328-П бұйрығымен бекітілген Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі–ТЖҚ БНА) деректерін жүргізу және өзектендіру Әдістемесінің 4.3-тармағына сәйкес қосымшаға сәйкес ТЖҚ БНА кодтарының қатарын жоспардан тыс өзектендіру бойынша жұмыс жүргізді.

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  12.10.2022

Настоящим сообщаем, что с 12 октября 2022 года на веб-портале при пересмотре итогов госзакупок по основаниям, предусмотренным действующим законодательством (уведомление камерального контроля, заключение апелляционной комиссии, решение суда, вступившее в законную силу) будут применяться актуальные показатели финансовой устойчивости согласно данным органов государственных доходов, в том числе скорректированные в рамках пункта 53 Правил осуществления государственных закупок.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  11.10.2022

 

2022 жылғы 11 қазанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар мен қауымдастықтардың талаптары мен стандарттарына сәйкестікке келтіру қажеттілігіне байланысты ұлттық режимнен алып тасталған олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін құрама командалардың спортшыларына, жаттықтырушыларға арналған мамандандырылған спорттық жабдыққа жататын тауарларды алып тастау бойынша пысықтау іске асырылды                           (1-қосымша).

Бұл ретте бұндай ерекшелік 2-қосымшаға сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ведомстволық бағынысты тапсырыс беруші-ұйымдар үшін қолданылады.

Мамандандырылған спорттық жабдықтарға жататын тауарлар мен спорттық ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айқындады.

Осыған байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тауарларды сатып алуға арналған тізім бойынша спорт ұйымдары өткізетін мемлекеттік сатып алуларда әлеуетті өнім берушілерде индустриялық сертификаттың және «СТ-KZ» тауарының шығу тегі туралы сертификаттың болуын тексеру жүзеге асырылмайды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  07.10.2022

2022 жылғы 9 қазанда сағат 10:00-ден бастап 12:00-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осы себептен сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  05.10.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 30қыркүйектегі№ 29921тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.

Толығырақ

Внимание! Всем пользователям Портала!

Хабарламалар  05.10.2022

Сообщаем, что 5 октября 2022 года в связи с некорректным отклонением потенциальных поставщиков веб- порталом, по причине «Несоответствие пункту 12 Правил осуществления государственных закупок», в закупках со способом «Запрос ценовых предложений» , специалистами Центра были сформированы корректные протоколы итогов.

Со списком закупок можно ознакомиться здесь.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  04.10.2022


2022 жылғы 4 қазанда сағат 20:00-ден бастап 22:20-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осы себептен сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ