Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
2022 жылғы 11 қазанда мемлекеттік
сатып алу веб-порталында спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар мен
қауымдастықтардың талаптары мен стандарттарына сәйкестікке келтіру қажеттілігіне байланысты ұлттық режимнен алып тасталған
олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да
халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін құрама командалардың
спортшыларына, жаттықтырушыларға арналған мамандандырылған спорттық жабдыққа
жататын тауарларды алып тастау бойынша пысықтау іске асырылды (1-қосымша).
Бұл ретте бұндай
ерекшелік 2-қосымшаға сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және
дене шынықтыру істері комитетіне ведомстволық бағынысты тапсырыс беруші-ұйымдар
үшін қолданылады.
Мамандандырылған
спорттық жабдықтарға жататын тауарлар мен спорттық
ұйымдардың
тізбесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұстанымын
ескере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі айқындады.
Осыған
байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тауарларды сатып алуға
арналған тізім бойынша спорт ұйымдары өткізетін мемлекеттік сатып алуларда
әлеуетті өнім берушілерде индустриялық сертификаттың және «СТ-KZ» тауарының
шығу тегі туралы сертификаттың болуын тексеру жүзеге асырылмайды.
