Хабарламалар
26.03.2025
Сообщаем, что в связи с временной
недоступностью сервисов на стороне Национального удостоверяющего центра
Республики Казахстан на веб-портале был зафиксирован технический сбой
при авторизации пользователей ключами электронной цифровой подписи, а
также при подписании ключами электронной цифровой подписи.
После устранения проблемы на стороне НУЦ РК, будет размещена информация о переносе закупок.
Толығырақ
Хабарламалар
20.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) 2025 жылғы наурыздың 20-сы сағат 23:00 ден наурыздың 22 -сі сағат 06:00 ге дейінгі аралығында «ҰАТ» АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіндігі туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде МКК ақпараттық жүйелерінің қызметтеріне қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.
Осыған байланысты өнім берушілерге алдын-ала өтініш беру ұсынылады.
Толығырақ
Хабарламалар
20.03.2025
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2025 жылғы 21 наурыз күні сағат 21:00-ден 22 наурыз күні сағат 06:00-ге дейін «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (ЗТ МДҚ), «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (ЖТ МДҚ), «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі (АХАЖ ақпараттық жүйесі), ЭҮСШ (Электронды үкіметтің сыртқы шлюзі), ЭҮШ (Электронды үкімет шлюзі) қоса алғандағы ақпараттық жүйелер бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоғарыда аталған уақыт аралығында өнім берушілер іс-әрекетке қабілеттілікке, үлестестілікке және жақын туыстары туралы мәліметтерге сұрау салу бөлігінде қысқа мерзімді ақаулықтар туындауы мүмкін.
Осыған байланысты өнім берушілерге алдын ала өтінімдерді ұсыну ұсынылады.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Толығырақ
Жаңалықтар
20.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 121 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 17 наурызда № 35827 болып тіркелді) Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 бұйрығымен бекітілді) өзгеріс енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz).
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен
осында танысуға болады.
Толығырақ
Хабарламалар
19.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.
2025 жылғы 19 наурыз сағат 21.00-ден 22.00-ға дейінгі кезеңде "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде ОСДШ қызметтері қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Толығырақ
Жаңалықтар
19.03.2025
Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 17.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 17.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
Толығырақ
Хабарламалар
19.03.2025
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Осыған байланысты өнім берушілерге алдын-ала өтініш беру ұсынылады.
Толығырақ
Жаңалықтар
17.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 110 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 11 наурызда № 35801 болып тіркелді) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына түзетулер енгізілді.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен
осында танысуға болады
Толығырақ
Хабарламалар
12.03.2025
1. 2025 жылғы 12 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінде құжаттарды толтыру сәтіндегі қателікке байланысты, 2025 жылғы 12 наурызда сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу (МС емес new)», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Аукцион», «Тұрғын үй сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдау және толықтырудың аяқтау мерзімдері 2025 жылғы 12 наурызға сағат 20:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
2. «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша өтінімдерін қабылдау бастау мерзімі 2025 жылғы 12 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін хабарландырулардың күні 2025 жылғы 13 наурызға ауыстырылды, бұл ретте өтінімдерді қабылдау уақыты өзгеріссіз қалды.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі
сілтемеге өтіңіз.
Толығырақ
Хабарламалар
07.03.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 9 наурызда сағат 10:00-дан 13:00-ге дейінгі кезеңде «ҰАТ» АҚ тарапынан техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, көрсетілген уақытта Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады.
Сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Толығырақ