Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  10.11.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2023 жылғы 11 қараша 09:00:00-ден 12 қараша  18:30:00-ға дейін Астана қаласы уақытымен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі мына кезеңге келіп түседі:

2023 жылғы 11 қарашадағы сағат 08:30-тен 23:59-ға дейін 2023 жылғы 13 қарашадағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2023 жылғы 12 қарашадағы сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2023 жылғы 14 қарашадағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2023 жылғы 13 қарашадағы сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2023 жылғы 14 қарашадағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2023 жылдың 13 қарашасына сәйкес келетін аукцион күні 2023 жылдың 14 қарашасына ауыстырылды. Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2023 жылдың 14 қарашасына сәйкес келетін аукцион күні 2023 жылдың 15 қарашасына ауыстырылды. Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы жөндеу жұмыстары!

Хабарламалар  09.11.2023

2023 жылғы 11 қарашадан бастап сағат 09:00: 00-ден 2023 жылғы 12 қарашаға дейін сағат 23:59:59-ға дейін аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осы аталған уақыт кезеңінде Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Сатып алуларды ауыстыру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  06.11.2023

           2023 жылғы 6 қарашадан бастап Тапсырыс берушілер тарапынан уақтылы төлемеу фактілерін анықтау мақсатында веб-порталда жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде төлемдер бойынша орындалмаған міндеттемелері бар тапсырыс берушілер бойынша хабарламаларды көрсету бөлігінде функционалды пысықтау іске асырылды.
           Осы хабарламалар ақпараттық сипатта және тапсырыс берушілерге (жеке кабинетте) және әлеуетті өнім берушілерге (тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты сатып алуға/келісуге қатысуға өтінім берген кезде) көрсетілетін болады.
          Толығырақ Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің нұсқауларында танысуға болады (сатып алуға қатысу/шарттармен жұмыс).

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  03.11.2023

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (02.11.2023 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (02.11.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.11.2023

02.11.2023 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Барлық Тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  02.11.2023

2023 жылғы 2 қарашадан бастап веб-порталда тапсырыс берушілердің белгіленген мерзімдерде электрондық актілерді келісуі бойынша форматты-логикалық бақылау орнатылды Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 546-тармағында   ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен). (бекітілген). 

Тапсырыс беруші веб-порталда электрондық актіні уақтылы келіспеген жағдайда, Тапсырыс берушінің Жеке кабинеттегі әрекеттері бұғатталады.


Аталған жаңарту 2023 жылғы 2 қарашадан бастап тапсырыс берушілерге келісуге жолданған барлық электрондық актілерге қолданылады.

Актілерді келісу бойынша нұсқаулық сілтеме арқылы қолжетімді.


Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  01.11.2023

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (27.10.2023 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (27.10.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  29.10.2023

2023 жылғы 29 қазан- Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  28.10.2023

В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2023 года №904 «Об установлении изъятия из национального режима» 28 октября 2023 года на веб-портале государственных закупок обновлен перечень кодов по товарам, подлежащих изъятию из национального режима, приобретение которых осуществляется среди физических и юридических лиц, находящихся в реестре отечественных товаропроизводителей.

Данный перечень дополнен следующими товарами:

- бумага, используемая для письма, печати или других графических целей в форматах А3;

бумага, используемая для письма, печати или других графических целей в форматах А4.

Более подробно ознакомиться с перечнем товаров, подлежащих изъятию из национального режима можно по ссылке здесь

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  24.10.2023

2023 жылғы 13 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бірыңғай номенклатуралық анықтамалықты өзектендіріп, «Автомобиль жолдары туралы» Заңға сәйкес автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың жіктемесін енгізгенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап веб-порталда автомобиль жолдарын салу/күрделі жөндеу саласындағы жұмыстардың кодтар тізбесі жаңартылды. Бұл кодтар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен, рейтинг-балл жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.

Кодтар тізімімен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Толығырақ