Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  24.05.2024

Сообщаем, что на веб-портале государственных закупок по объявлениям, опубликованным с 29 апреля 2024 года способом «Конкурс с применением рейтингово-балльной системы» (тип - «первая») приостановлен этап формирования протокола об итогах (окончание приема заявок) до завершения работ по дополнительной доработке функционала веб-портала в рамках приказа Министра финансов Республики Казахстан от 17 апреля 2024 года №218 (зарегистрирован в МЮ РК 17.04.2024г. № 34262).

          Приносим свои извинения за временные неудобства.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  24.05.2024

24.05.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!

Жаңалықтар  21.05.2024

Заңның 14-бабының 2-тармағын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 20 наурыздағы №207 ҚР Үкіметінің қаулысымен сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне ұлттық режимнен алып тастау белгіленді.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 20 мамырдан бастап мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында форматтық-логикалық бақылау енгізілді. Аталған тауарлар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес отандық тауар өндірушілер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушылар арасында жүргізіледі.

Бұл ретте, тауарды өндіруші әлеуетті жеткізушінің отандық тауар өндірушілер тізілімінде бар екенін растайтын құжат болып "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат танылады.

Толық тізіліммен сілтеме арқылы танысуға болады.

ЕСКЕРТУ!

Аталған Қаулының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізбесін ақпарат жаңартылған сайын жолдап отыру міндеті жүктелген.


Осыған байланысты, тізім ақпарат жаңартылған сайын өзектендіріліп отырады

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  21.05.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (16.05.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (16.05.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  17.05.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2024  жылғы 18 мамырдың 00:00:00-ден бастап 19 мамырдың 23:59:59 мин. жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осы аралықта келіп түсетін сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі:

2024 жылғы 18 мамыр сағат 08:30-дан 23:59-ға дейінгі сатып алулар 2024 жылдың 20 мамырына сағат 16:00-ге ауыстырылды, сатып алулар тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылғы 19 мамыр сағат 00:00-ден 23:59-ға дейінгі сатып алулар 2024 жылдың 21 мамырына сағат 16:00-ге ауыстырылды, сатып алулар тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылғы 20 мамыр сағат 00:00-ден 23:59-ға дейінгі сатып алулар тізімі 2024 жылғы 21 мамырда сағат 16:00-ге ауыстырылды, сатып алулар тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

2024 жылдың 20 және 21 мамырына сәйкес келетін «Аукцион (2022 жылдан бастап)» тәсілімен сатып алуларда  «Сауда-саттықты өткізу күні»  2024 жылдың 21 және 22 мамырына сәйкесінше ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалғанын атап өтеміз, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық веб-портал пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  16.05.2024

2024 жылғы 16 мамырда Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде болған жағдайда, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 3% аспауы тиіс деген бөлікте «Шарттар» модулінде пысықтау іске асырылды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы жөндеу жұмыстары!

Хабарламалар  13.05.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2024 жылғы 18 мамыр сағат 09:00:00-ден бастап 2024 жылғы 19 мамыр сағат 23:59:59-ға дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Сатып алу өткізу уақыты ауыстыралған хабарламалар тізімі кейін жарияланатын болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  06.05.2024

06.05.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  06.05.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (30.04.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (30.04.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық веб-портал пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.05.2024

2024 жылғы 2 мамырда егер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 34-қосымшасына немесе Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларының 23-қосымшасына сәйкес құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстарын) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттың шаблоны бойынша шарт жасалған болса, төмендегі бөлікте пысықтаулар іске асырылды:

- «Қолданыста» статусындағы шарттарда Тапсырыс берушіге «Жалпы» қойындысына файл түрінде жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген негізгі құрылыс материалдарының, жабдықтардың, бұйымдар мен конструкциялардың қажеттілік ведомосін тіркеуге, сондай-ақ Мердігердің байланыс деректерін көрсетуге болады. МС Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен толығырақ сілтеме бойынша, Тапсырыс берушінің (МС емес) нұсқаулығымен сілтеме бойынша танысуға болады;

- ведомость файлы мен Мердігердің байланыс деректері мемлекеттік сатып алу веб-порталының сыртқы бетіндегі шарттар тізілімінде шарт карточкасын қарау кезінде көрсетілетін болады.

Толығырақ