Құрметті өнім беруші! Сізге 2017ж.15.03. бастап уәкілетті орган "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 16-бабы 6) тармақшасының негізінде шешімдер қабылдаған кезде "алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау" функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты сатып алуды ұйымдастырушы алдын ала жіберу хаттамасын қайта қараған жағдайда Сізге конкурстық өтінімдерді жаңа хаттамада көрсетілген ескертулерді ескере отырып, қайта сәйкестікке келтіру қажет.