Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  18.10.2016

Сіздерге 2016 жылғы 19 қазаннан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының модификацияланған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Тапсырыс берушінің талап ету құқықтарын беру, атап айтқанда қайта ұйымдастырумен және құқықтарды филиалдарға берумен байланысты жоспардың тармақтарын және шарттарды беру жөніндегі функционал іске қосылатындығын хабарлаймыз.

Анағұрлым егжей-тегжейлі ақпарат үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  28.09.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.

және броннан алып тастау тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі;

жағдайы бойынша жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  21.09.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  21.09.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР!

Жаңалықтар  15.07.2016

Сіздерден Қатысушы бейініндегі банк шоттарын тексерулеріңізді сұраймыз.

Қазақстандық шот бос орын немесе басқа белгілер жоқ цифрлар мен латын символдарын қамтитын 20 символдан тұруы тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған шоттары бар шарттарды Қазынашылықта тіркеген кезде шартқа қайта қол қоюды және оны тіркеуді талап ететін қателер туындайтын болады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  12.07.2016

Бұдан бұрын азаматтық-құқықтың мәмілені (АҚМ) тіркеуге арналған электрондық шарттардың деректерін беру бойынша Электрондық мемлекеттік сатып алу порталын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - АЖ) интеграциялау функционалдылығының іске қосылуы туралы хабарланған болатын.

1) Көрсетілген функционалдылықты іске қосуға дейін Қазынашылық органдарында тіркелген шарттардың бөлігі бар екенін қосымша хабарлаймыз. 2016 жылғы 12 шілдеде Порталда Қазынашылық органдарында 2016 жылғы 30 маусымнан кешікпей тіркелген, Портал арқылы тіркеуге сауал әлі жіберілмеген шарттар үшін «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесінде шартты тіркеу туралы деректерді қолмен толтыру үшін мүмкіндік іске асырылғанын хабарлаймыз.

Ағымдағы кезде «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесімен осындай шарттарда «Қазынашылық» қойындысында «Шарт Қазынашылықта тіркелген» (тіркеу туралы деректерді толтыру) бастырмасы қолжетімді. Осы бастырмаға басқан кезде ашылған терезеде Тапсырыс берушіге қолмен:

- өтінімнің нөмірін;

- өтінім күнін;

- хабарлама нөмірін;

- хабарлама күнін толтыру қажет.

Мәндерді сақтағаннан кейін Портал арқылы жасалмаған шарттар үшін шарттың мәртебесі «Қолданыста» болып ауысады.

2) Қосымша келісімді құрған кездегі тіркеуге арналған өтінімнің сомасы кассалық шығындарды алып тастаған соманы, яғни нақты төлемдерді қамтитынына назар аударамыз. Ерекшелік ББС кодтарын өзгертуге арналған қосымша келісімдерде болады, яғни егер бағдарламаның, кіші бағдарламаның немесе ерекшеліктің бір мәні өзгерсе, онда тіркеуге арналған өтінімде, негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімде сияқты барлық сома қамтылады.

3) Сондай-ақ «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрыққа сәйкес Қазынашылық органдарында 000151, 000169 ерекшеліктермен шарттар тіркелмейтінін атап айтамыз.

4) АҚМ тіркеуге арналған өтінімді пысықтау бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да бухгалтер жұмысы жөніндегі нұсқаулық Қазынашылық комиететі сайтының «Ақпараттық жүйелер» - «Пайдаланушының нұсқаулығы - ММ үшін АҚМ тіркеуге арналған өтінім 7.0 нұсқа» бөлімінде орналастырылған (http://www.kazyna.gov.kz/index.php/ru/component/users/?view=login&return=aHR0cDovL3d3dy5rYXp5bmEuZ292Lmt6L2luZGV4LnBocC9ydS9pbmZvcm1hdHNpb25ueWUtc2lzdGVteS9ydWtvdm9kc3R2by1wb2x6b3ZhdGVseWE=)

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  01.07.2016

    Сізге 2016 жылғы 1 шілдеде www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес ықтимал өнім берушілердің Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізуге арналған өтінімдерді Веб-портал арқылы ұсынуы жөніндегі функционал қол жетімді екендігін хабарлаймыз.

 

Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер өтінім беруге арналған құжаттарға қатысты түсініктемелермен танысуы қажет.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  30.06.2016

 Бүгін, 30 маусымда 15-00 сағатта электрондық шарттардың деректерін Қазынашылық жүйесіне тіркеуге беру жөніндегі функционалдылық іске қосылды. Мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйымдардың шарттары «Қазынашылық» қойындысында өтінім құру арқылы тіркеуге автоматты түрде жіберілетін болады. Өтінім сәтті өңделуі немесе Қазынашылық жүйесі оны тіркеуден бас тартуы мүмкін, бұл ретте өтінімді өңдеу мәртебелері автоматты түрде жаңартылады. Егжей-тегжейлі Тапсырыс берушінің нұсқаулығын қараңыз (ұсынылатын бөлімдер: 2.9. Шартты Қазынашылықта тіркеу, 2.20.4. Қосымша келісімдердің мәтіндерін редакциялау, 2.17.2. Шарт бойынша төлемдерді қосу және нақты төлемді нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша бөлу)

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  26.05.2016

2016 жылғы 23 мамырда «Сатып алу 2016» модулінде электрондық банк кепілдіктерін (өтінімді қамтамасыз ету және шартты қамтамасыз ету) шығару жөніндегі нұсқаулық пысықталды, осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар электрондық банк кепілдіктерімен жұмыс істеу жөніндегі техникалық мүмкіндікке ие. Банк нұсқаулығымен «Сатып алу 2016» модулінде «Анықтама» бөлімінде танысуға болады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  26.05.2016

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып табылады және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесіне техникалық сүйемелдеу және әкімшілендіру көрсететінін хабарлаймыз, Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеген кезде қате енгізілген деректерді түзетуге байланысты барлық жағдайлар бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мекенжайына емес, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің иесі – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» ММ ресми жазбаша сауал жіберуді сұраймыз.

Толығырақ