Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  09.03.2022

Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері салдарынан уақытша шектеулерге байланысты, сондай-ақ жақын туыстары мен үлестестігі туралы ақпараттың ұзақ өңделуіне байланысты интернет-ресурсқа қол жеткізу мүмкін болмағандықтан, 2022 жылғы 4 наурызда сағат 18:26 мен 2022 жылғы 9 наурызда сағат 12:00 аралығындағы өтініштерді қабылдау, баға ұсыныстары және сатып алудың барлық әдістері бойынша толықтыруларға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылғы 10 наурызда сағат 18:00-ге ауыстырылды.
2022 жылғы 4 наурызда сағат 18:26-дан бастап 2022 жылғы 9 наурызда сағат 23:59-ға дейін ерекше тәртіппен өтетін мемлекеттік сатып алулар 2022 жылғы 10 наурызда сағат 18:00-ге ауыстырылды.

2022 жылғы 4 наурызда сағат 18:26-дан бастап 2022 жылғы 9 наурызда 12:00-ге дейінгі кезеңге сәйкес аукциондық сатулар 2022 жылғы 10 наурызда сағат 09:00-ге ауыстырылды.

Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемені орындаңыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз!

Хабарламалар  05.03.2022

Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің уақыт шектеулеріне байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталында интернет-ресурсқа қол жеткізу уақытша қолжетімді болмайтынын хабарлаймыз.

Сатып алуды кейінге қалдыру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  03.03.2022

Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы №206 бұйрығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілді (Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда №26971 болып тіркелді).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабына сәйкес сақтандырудың үлгілік шарты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады.
Осылайша, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің осы түрін мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде пайдалана алады.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз етудің осы түрін пайдалану бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  03.03.2022

31.12.2021 жаңалыққа қосымша

«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!


Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алулар уақыты кейінге шегерілді!

Хабарламалар  01.03.2022

Іс-әрекетке қабілеттілігі, үлестестіглігі және жақын туыстары туралы мәліметтерді сұратқан кездегі жіберілген қатеге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін ресімдеу кезінде бірінші (лицензиялар) және екінші санаттардағы рұқсаттарды алуға сұрау салуларды өңдеу кезіндегі ақауларға байланысты, мемлекеттік сатып алу веб-порталында, 2022 жылғы 01 наурыз сағат 14:45-тен 18:30-ға дейінгі мерзімге белгіленген конкурстық өтінімдерді және баға ұсыныстарын қабылдау уақытының аяқталуы 2022 жылғы 2 наурыз сағат 11:00-ге ауыстырылды.
Кейінге шегерілген сатып алулар туралы ақпарат алу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз.


Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  22.02.2022

2022 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 176 «Келісу комиссиясының Үлгілік ережесін және Жұмыс тәртібін бекіту туралы» бұйрығы қабылданды.

Бұйрықтың мәтінімен осында 1, 2, 3 танысуға болады.

Толығырақ

Құрметті тапсырыс берушілер!

Жаңалықтар  18.02.2022

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабы 7-тармағының бірінші абзацына сәйкес, егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізбесе, тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

Аталған норманы іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап тапсырыс берушінің өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны жіберуі бойынша функционал іске асырылды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!

Хабарламалар  18.02.2022

2022 жылғы 18 ақпанда сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейінгі кезеңде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  18.02.2022

Согласно пункту 2 статьи 14 Закона «О государственных закупках» Правительство Республики Казахстан в целях защиты основ конституционного строя, обеспечения обороны страны и безопасности государства, защиты внутреннего рынка, развития национальной экономики, поддержки отечественных товаропроизводителей вправе установить изъятия из национального режима на срок не более двух лет.

В реализацию указанной нормы, постановлением Правительства от 2 февраля 2022 года № 49 утвержден Перечень товаров, подлежащих изъятию из национального режима (товары легкой и мебельной промышленности, машиностроения).

В этой связи, на веб-портале установлен форматно-логический контроль, в рамках которого приобретение товаров, предусмотренных в вышеуказанном Перечне, осуществляется среди производящих товары физических и юридических лиц, находящихся в реестре отечественных производителей товаров, работ и услуг.

При этом, документом, подтверждающим производство товара потенциальным поставщиком, находящимся в реестре отечественных производителей товаров, работ и услуг, является Индустриальный сертификат, выданный Национальной палатой предпринимателей «Атамекен».

Ознакомиться с перечнем товаров, подлежащих изъятию из национального режима можно по ссылке.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы жөндеу жұмыстары!

Хабарламалар  17.02.2022

2022 жылғы 19 ақпанда сағат 09:00-ден бастап Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 2022-02-20 23:59:59 аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осы аталған уақыт кезеңінде Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ