Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  25.04.2022

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №35 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі - Қағидалар)
Осылайша, Қағидалардың 124-тармағына сәйкес, өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тиісті мемлекеттік органның конкурстық комиссияларында қоғамдық кеңестер мүшелері қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушілерді таңдаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның құрамына «Атамекен» ҰКП мен оның өңірлік кеңестерінің өкілдерін қосу ұсынылады.

Толығырақ

Барлық өнім берушілер назарына!

Жаңалықтар  25.04.2022

Микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін төленген салықтар көрсеткіштерін есептеу мәселесә бойынша!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №35 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі - Қағидалар)
Осылайша, Қағидалардың 51-тармағына сәйкес, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 57-4-бабына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын, салық төлеуден босатылған әлеуетті өнім берушілер, егер олардың осы Қағидалардың 44-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелетін, төленген салықтарының көрсеткіші оның кірістерінің кемінде үш пайызын құраса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңге қаржылық орнықты деп танылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тұлғалардың салық төлеуден босатылған кезеңіне есептелген салық сомасы төленген салықтардың көрсеткішін есептеу кезінде төлем ретінде есепке алынады.
Мұндай тұлғалардың тізбесін мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.

Толығырақ

Құрметті тапсырыс берушілер!

Жаңалықтар  21.04.2022

2022 жылғы 22 сәуірдегі сағат 15:00-де OMarket.kz порталының мамандары электрондық дүкен функционалының жұмысы бойынша тегін онлайн-оқыту өткізуді жоспарлауда.



Қатысу үшін (Zoom)
https://us06web.zoom.us/j/86449361837?pwd=Y0V1UmFibG54NDFjRGp5S3lleW13
QT09 сілтемесіне өтуді сұраймыз.
Конференция идентификаторы: 864 4936 1837
Кіру коды: 994871

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  19.04.2022

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

19.04.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

 

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!

Хабарламалар  15.04.2022

2022 жылғы 15 сәуірде сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейінгі кезеңде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» АЖ-да техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  13.04.2022

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қарашадағы №72-VII Заң күшіне енді.
Бұл ретте, қабылданған түзетулердің новеллаларының бірі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 38-1- бабы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәсілі – электрондық дүкенді енгізу болып табылады.
Мәселен, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жалпы құны тиісті қаржы жылына белгіленген 4000 АЕК-тен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор («ЭҚО» АҚ) OMarket.kz ақпараттық жүйесін электрондық дүкенге қойылатын талаптарға сәйкес екенін анықтаған.
Осыған байланысты, сондай-ақ пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00 OMarket.kz портал иесі электрондық дүкен функционалымен жұмыс істеу бойынша тапсырыс берушілер үшін тегін оқыту онлайн-семинарын өткізу жоспарлануда (Zoom-конференция арқылы).
Онлайн-семинарға тіркелу сілтемесі.

https://us06web.zoom.us/j/84377903915?pwd=UzhGTlBvaC9tc2UyS0JQMjdqWnZ1UT09

Meeting ID: 843 7790 3915
Passcode: 389101

Толығырақ

Внимание! Перенос закупок!

Хабарламалар  12.04.2022

12.04.2021 ж. Мемлекеттік сатып алу веб-порталының "Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар" АЖ тарапында техникалық ақаудың тіркеліп, салық берешегі туралы деректер бойынша сұрау салулардың өңделмегендігін хабарлаймыз. Осыған байланысты 12 сәуірден бастап сағат 11:21:00-ден сағат 16:00:00 аралығына түсетін «Ашық конкурс», «Аукцион (с 2022)», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс» сатып алу тәсілімен "Электрондық сатып алулар" модулінің өтінімдерін қабылдау мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 13 сәуірге сағат 13:00:00 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!

Хабарламалар  08.04.2022

Бірыңғай салықтық ақпараттық жүйеден тіркеу кезінде қате деректердің орын алынуына байланысты пайдаланушыларды/қатысушыларды тіркеу, сондай-ақ пайдаланушы/қатысушы деректерін жаңарту мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!

Хабарламалар  05.04.2022

2022 жылғы 5 сәуірде сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейінгі кезеңде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  05.04.2022

2022 жылғы 5 сәуірде мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасы ҰКО қызметтерінің қысқа мерзімге қолжетімді болмауына байланысты орташа деңгейдегі техникалық ақау тіркелгенін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қою және рұқсат беру бойынша мәселелер туындады, осыған байланысты 2022 жылғы 5 сәуірде 12:24-тен бастап 2022 жылғы 5 сәуірде 13:00-ге белгіленген «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Тұрғын үйді сатып алу», «Біліктілікті алдын ала іріктеу арқылы конкурс», «Бір көзден өтпей қалған сатып алулар үшін», «Оқушылар мен студенттерді тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Оқушылар мен студенттерді тамақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу бойынша конкурс», «Тендер», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» сатып алу әдістері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінде баға ұсыныстарын қабылдау және өтінімдерге толықтыруларды қабылдау мерзімі, дейінгі кезеңге келетін «Өтпей қалған бір көзден сатып алу бойынша МС емес», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС new емес)» тапсырысы 2022 жылғы 5 сәуірде 18:00-ге ауыстырылды..
Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемені орындаңыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ