Барлық веб-порталдың өнім берушілеріне!!!
Жаңалықтар 09.06.2022
2022 жылғы 9 маусымнан бастап жосықсыз қатысушылар
тізіліміне енгізу туралы хабарламаны өнім берушінің жеке кабинетіне жіберу бөлігінде
веб-порталдың функционалы пысықталды.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 09.06.2022
Интернет
жұмысындағы іркілістер себебінен https://goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталына қолжетімділіктің болмауына байланысты
өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және 9
маусымда сағат 12:05:00 мен 9 маусымда сағат 14:00:00 аралығына келіп түскен «Ашық конкурс», «Біліктілікті
алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Аукцион (2022 жылдан бастап)», «Баға ұсыныстарын
сұрату», «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып
алу», «Тендер» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модуліне толықтыруларды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022
жылғы 9 маусымда сағат 18:00:00-ге ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша
ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 08.06.2022
Қазақстанда мемлекеттік
сатып алулар үшін тауарлардың электрондық каталогы 1 шілдеден бастап қолданыла
бастайды
2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.
Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мына санаттары кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.
Осылайша, осы тізбеге енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды
жүргізу кезінде ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында
айқындалған нысан бойынша электрондық каталогтан қалыптастырылатын болады
(3-қосымша).
Осыған байланысты, аталған санаттар бойынша тауарларды жеткізетін әлеуетті
өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ағымдағы жылғы 1 шілдеден
бастап өз тауарларын Тауарлардың электрондық каталогына алдын ала тіркеуі қажет.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – «Электрондық қаржы
орталығы» АҚ электрондық каталогты құрудың және оның жұмыс істеуінің үйлестірушісі болып
табылады.
Сонымен қатар, электрондық каталогта әрбір тауарға бірегей код – KZTIN
беріледі, оның көмегімен тауар мемлекеттік сатып алу процесінде сәйкестендіріледі,
сондай-ақ техникалық ерекшелік автоматты түрде қалыптастырылады.
Бұл ретте, тауарларды тіркеу, код беру және өзге де функциялар барлық
пайдаланушыларға өтеусіз негізде ұсынылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі,
сондай-ақ өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті дамыту және бағаларға талдау жүргізу
мақсатында іске асырылды.
Оған қосымша, электрондық
каталогтан сатып алынатын тауарлардың санаттарын кеңейту және басқа салаларда
қолдану жоспарланғанын атап өтеміз.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 07.06.2022
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 06.06.2022
2022 жылғы 6 маусымда «Жобаға» «Әрекет етеді» мәртебесінен кері қайтарылған қосымша
келісімдерді жою мүмкіндігі іске асырылды. Егер шартта «Қазынашылыққа тіркемей»
белгісі болса, «Жобаға» «Әрекет етеді» мәртебесінен қосымша келісімді
кері қайтарып алуға болатынын атап өтеміз. Шарттарды/қосымша келісімдерді жою
жөніндегі нұсқаулықпен сілтеме бойынша танысуға болады.
Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!
Хабарламалар 01.06.2022
2022 жылғы 1 маусымда сағат
22:00-ден 23:45-ке дейінгі кезеңде «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың
өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін
болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында
салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейтін болады.
Осы себептен сатып алуға қатысу
үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім
сұраймыз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 26.05.2022
28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша
26.05.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 25.05.2022
Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін демпингті есептеу бөлігінде 2022 жылғы 25 мамырда «Сатып алу» модулін пысықтау іске асырылды.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары» (ҚМЖ) белгісі бар «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрімен сатып алуда қатысу өтініміне лот қосқан кезде Жүйе лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасын тендер үшін бөлінген соманың 5%-ынан төмен салыстырады.
Қатысу өтініміне лот қосқан кезде «Жобалау бойынша жұмыстар» белгісі бар «Жұмыс» сатып алу мәні түріндегі сатып алу үшін Жүйе лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасын тендер үшін бөлінген соманың 10%-ынан төмен салыстырады.
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!
Хабарламалар 25.05.2022
Сатып алу
мәртебесінің уақтылы өзгермеуіне байланысты техникалық проблемалар себебінен
өтінімдерді қабылдау мен баға ұсыныстарын қабылдауды бастау мерзімі 23 мамырда
сағат 00:00-ден 24 мамырда сағат 17:55-ке дейінгі кезеңде түскен «Жарияланды»
мәртебесіндегі сатып алулардыңң өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімі
өзгертілді.
Сондай-ақ, Өтінімдерді
қабылдаудың басталу мерзімі және «Ерекше тәртіп» сатып алу бойынша өтінімдерді
қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 25 мамырдан 2022 жылғы 26 мамырға кейінге
қалдырылғанын хабарлаймыз
Кейінге
қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!
Хабарламалар 20.05.2022
2022 жылғы 20 мамыр сағат
20:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес
шоттар» МКК ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады,
осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу
веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.
Осыған байланысты сатып алуға
қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім
сұраймыз.
