Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 05.08.2022
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2022 жылғы
6 тамызда сағат 00:00:00 бастап 7 тамызда сағат 23:59:59 дейін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жоспарлы профилактикалық
жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт
аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты, өтінімдерді қабылдаудың
аяқталу, өтінімдер мен баға ұсыныстарын қабылдаудың барлық тәсілдері бойынша
кезеңге түсетін мерзім:
5
тамызда сағат 23:45-тен бастап 2022 жылғы 6 тамызда сағат 23:59-ға дейін 2022
жылғы 8 тамызда сағат 19:00-ге ауыстырылды, аукциондық сауда-саттықты өткізудің
басталу мерзімі 2022 жылғы 9 тамызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты
өткізу уақыты өзгеріссіз қалды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
7
тамызда сағат 00:00-ден бастап 2022 жылғы 7 тамызда сағат 23:59-ға дейін 2022
жылғы 9 тамызда сағат 19:00-ге ауыстырылды, аукциондық сауда-саттықты өткізудің
басталу мерзімі 2022 жылғы 10 тамызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты
өткізу уақыты өзгеріссіз қалды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
8
тамызда сағат 00:00-ден бастап 2022 жылғы 8 тамызда сағат 23:59-ға дейін 2022
жылғы 9 тамыз сағат 19:00-ге ауыстырылды, аукциондық сауда-саттықты өткізудің
басталу мерзімі 2022 жылғы 10 тамызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты
өткізу уақыты өзгеріссіз қалды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Өтінімдерді
қабылдау мерзімі 2022 жылғы 8 тамызға ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік
сатып алу 2022 жылдың 9 тамызына ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
«Жарияланды
(аукционды өткізуді күту)» мәртебесіндегі аукцион (2022 жылдан бастап)»
тәсілімен сатып алуда «Сауда-саттықты өткізу күні» 2022 жылғы 8 тамыздан 9
тамызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалды,
сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Уақытша
қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!
Хабарламалар 05.08.2022
2022 жылғы 5 тамызда сағат
20:00-ден бастап 22:20-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген
дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады,
осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында
салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.
Осы себептен сатып алуға қатысу
үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім
сұраймыз.
Уважаемые пользователи!
Жаңалықтар 05.08.2022
Настоящим
сообщаем, что 4 августа 2022 года на веб-портале был обновлен перечень товаров,
относящихся к категориям, утверждённых приказом Министра финансов от 19 января
2022 года №52, по которым государственные закупки осуществляются из
электронного каталога товаров. С актуальным перечнем можно ознакомиться, пройдя
по ссылке.
Отмечаем, что обновленный перечень
применяется к закупкам, опубликованным с 5 августа 2022 года.
Назар аударыңыз! Жоспарлы жөндеу жұмыстары!
Хабарламалар 04.08.2022
2022 жылғы 6 тамыздан сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07 тамызда 23:59:59 аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осы
аталған уақыт кезеңінде Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді
алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Сатып алуларды ауыстыру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 02.08.2022
Ұлттық
әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік
сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан
әрі – Қағидалар) сәйкес 2022 жылғы 2 тамызда (ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022
жылғы 18 шілдеде № 729 бұйрығымен бекітілген) мынадай пысықтаулар өнімді ортаға
ауыстырылды:
- Тендер
тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін өзгерту бөлігінде.
Әлеуетті
өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі
кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
- Тендерлік құжаттама жобасын
алдын ала талқылау хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау
мерзімі туралы ақпаратты өзгерту бөлігінде,
- тендерлік құжаттаманы өзгерту бөлігінде (42-тармақ алынып тасталды және 46-тармақ өзгертілді),
- МС емес ТШЖБКА сатып алуды
құру кезінде жоспарлардың тармағын құру бөлігінде (Қағидалардың 287-тармағының
9), 33), 35) тт. алынып тасталды, Қағидалардың 287-тармағының 11), 15), 20),
27) тт. жаңартылды),
- елішілік құндылықты
қалыптастыру бөлігінде (Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес),
- шарттың орындалуын қамтамасыз
ету бөлігінде МС емес электрондық дүкен (Қағидалардың 316-тармағына сәйкес),
- коммерциялық ұсыныстарға сұрау
салуды қалыптастыру бөлігінде (Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес),
- қорларды басқа жаққа жіберуге
электрондық жүкқұжатты қалыптастыру бөлігінде (Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес келтірілген),
- электрондық актіні
қалыптастыру бөлігінде (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы
заңнамасына сәйкес келтірілген),
- МС емес электрондық дүкен
арқылы сатып алу туралы есепті қалыптастыру бөлігінде (Қағидалардың
21-1-қосымшасына сәйкес).
Уважаемые пользователи!
Жаңалықтар 28.07.2022
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 22.07.2022
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 шілдедегі № 729 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 19 шілдедегі № 28841 тіркелді) Ұлттықәл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттіксектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.
Құрметті пайдаланушылар!
Хабарламалар 22.07.2022
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 22.07.2022
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 21.07.2022
07.07.2022 жаңалыққа қосымша
«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (20.07.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (20.07.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
Толығырақ