Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Внимание! Технические работы!

Хабарламалар  22.02.2023

2023 жылғы 22 ақпанда сағат 20:00-ден 22:30-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәлімет өңделмейді.

 

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

 

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  17.02.2023

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (15.02.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (15.02.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  16.02.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру сәтінде аффилиирлену туралы мәліметті алу бойынша сұрау салулардың ұзақ уақыт өңделуіне байланысты 2023 жылғы 15 ақпандағы сағат 16:06:00-ден 2023 жылғы 16 ақпандағы сағат 10:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 16 ақпанда сағат 18:00:00-ге ауыстырылды.

 

Ауыстырылатын сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушысына!

Хабарламалар  15.02.2023

2023 жылғы 15 ақпанда сағат 16:06:00-де Мемлекеттік сатып алу веб-порталында аффилиирлену туралы мәліметті алу бойынша сұрау салулардың ұзақ өңделуімен байланысты іркіліс тіркелгенін хабарлаймыз.                                 

Сатып алу мерзімін кейінге қалдыру туралы ақпарат кейінірек орналастырылатын болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  11.02.2023

2023 жылғы 11 ақпанда ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген түзетулерге байланысты веб-порталда мынадай:

  • Мемлекеттік қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттың;
  • Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың;
  • Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздемені) әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың;
  • Құрылысқа байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың үлгілік шаблондары жаңартылды.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  11.02.2023

2023 жылғы 11 ақпанда ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген түзетулерге байланысты веб-порталда МС туралы Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулерді бұзу фактісі анықталған жағдайда кез келген кезеңде шартты бұзу мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылды.

Бұл негіздеме Жұмыс және Қызмет нысанасының түрлері үшін қолжетімді. Осы негіздеме бойынша шарт бұзылған кезде Жүйе шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және МС туралы Заңның 26-бабы бойынша қамтамасыз етуді, ал шарттың орындалуын қамтамасыз ету болмаған кезде Жүйе өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  01.02.2023

Интеграция проблемасына байланысты өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және 2023 жылғы 1 ақпанда сағат 09:00:00-ден 11:00:00-ге дейін түсетін сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 1 ақпанда 18:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

 

Тасымалданған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.


Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  31.01.2023

ocsp.pki.gov.kz сервисі жұмысындағы қателіктер себебінен https://goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталына кірудегі проблемаға байланысты 2023 жылғы 31 қаңтарда сағат 14:28:00-ден бастап 2023 жылғы 1 ақпанда 09-09:00:00 дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 1 ақпанда сағат 11:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.


2023 жылғы 31 қаңтарда сағат 14:28:00-ден бастап 2023 жылғы 1 ақпанда сағат 09:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу 2023 жылғы 1 ақпанда сағат 18:00-ге ауыстырылды.


2023 жылғы 31 қаңтарда сағат 14:28:00-ден бастап 2023 жылғы 1 ақпанда сағат 09:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2023 жылғы 2 ақпанда сағат 09:00-ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.


2023 жылғы 31 қаңтарда сағат 14:28-дан бастап 2023 жылғы 01 ақпанда 09:00:00-ға дейін камералдық бақылау хабарламаларын жіберу мерзімі, хабарламаларды орындау мерзімі, шағымдарды, қарсылықтарды, қорытындыларды беру мерзімі 2023 жылғы 01 ақпанда 23:59: 59 ауыстырылды.


Кейінге қалдырылған хабарламалар, шағымдар, қарсылықтар, қорытындылар, шарттар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  30.01.2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023   жылғы   26   қаңтардағы   No   67   бұйрығымен   (ҚР   ӘМ-де   2023   жылғы26 қаңтардағы No 31784 тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына(Қазақстан   Республикасы   Қаржы   министрінің   2015   жылғы   11   желтоқсандағы   No   648бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Осы   бұйрық   оның   алғашқы   ресми   жарияланған   күнінен   кейін   күнтізбелік   он   күнөткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады».

 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  26.01.2023

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

 

26.01.2023 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

 

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ