Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 31.03.2023
Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін
атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 293 бұйрығымен «Ұлттық әл-ауқат қорының
сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып
алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына өзгеріс енгізілді:
Бұйрықтың
мәтінімен осында танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 28.03.2023
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (27.03.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (27.03.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістер
Жаңалықтар 24.03.2023
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №225 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.
Қабылданған түзетулерді веб-порталда іске асыру үшін 2023 жылғы 22 наурыздан бастап әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын есептеу және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар ретінде теріс мәндерді есептеу бөлігінде «Сатып алу» модулін пысықтау жүзеге асырылды.
Толық нұсқаулықпен «Анықтама –
Пайдаланушы нұсқаулығы – Ұйымдастырушының нұсқаулығы – Сатып алуды БК, БІАК тәсілімен ұйымдастыру
және өткізу – Шартты жеңілдіктерді толтыру» бөлімінде танысуға болады.
Внимание! Технические работы!
Хабарламалар 16.03.2023
2023 жылғы 16 наурыз сағат 20:00-ден 22:30-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәлімет өңделмейді.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 14.03.2023
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 10.03.2023
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (10.03.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (10.03.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 10.03.2023
Құрметті пайдаланушылар!
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабы
3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей
жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу монополияға қарсы
органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған
кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан
Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында
белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)
бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік органның сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы
туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының,
сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын ескере
отырып, өнім берушілердің тізбесін өзектендіру, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 27)
тармақшасы шеңберінде шарттардың заңды түрде жасалуын қамтамасыз ету мақсатында
Қаржы министрлігіне 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде ұқсас
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің болмауы туралы монополияға қарсы органның
қорытындысын ұсыну қажет.
Бұл ретте, тізімді өзектендіру бойынша жүргізілген
жұмыстың нәтижелері бойынша 2023 жылғы 1 мамырдан бастап монополияға қарсы
органның тиісті қорытындыларын ұсынбаған өнім берушілер Заңның 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасы шеңберінде
тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы өнім
берушілер тізбесінен шығарылатынын атап өтеміз.
Өнім берушілерді тізімге енгізуге арналған өтінімдерді қоса беріліп отырған нысан бойынша толтырылған мәліметтері бар ресми хаттар және монополияға қарсы органның тиісті қорытындысының қосымшасы негізінде Министрлікке ұсыну қажет.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 06.03.2023
Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!
Хабарламалар 03.03.2023
Мемлекеттік сатып алу
веб-порталында 2023 жылғы 4 наурыздан 00:00:00-ден бастап 5 наурызға 23:59:59
мин. дейін Астана қаласы уақыты бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар
жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты,
мына кезеңге:
2023 жылғы 3 наурыздан
сағат 23:45-тен бастап 3 наурызға сағат 23:59 мин. дейін келіп түсетін сатып
алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар
мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі:
2023 жылғы 6 наурызға
сағат 18:00 мин. ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
2023 жылғы 4 наурыздан
сағат 00:00-ден бастап 4 наурызға сағат 23:59 мин. дейінгілер 2023 жылғы 6
наурызға сағат 18:00 мин, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз
қалды, сатып алу тізімін қарау үшін сілтемеге өтіңіз.
5 наурыздан сағат
00:00-ден 2023 жылғы 5 наурызға сағат 23:59-ға дейінгілер 2023 жылғы 7 наурызға
сағат 18:00 мин. ауыстырылды, аукциондық сауда-саттықты өткізудің басталу
мерзімі 2023 жылғы 9 наурызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу
уақыты өзгеріссіз қалды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
2023 жылғы 6 наурыздан
сағат 00:00-ден бастап 6 наурыздан сағат 23:59 мин. дейінгілер 2023 жылғы 7
наурызға сағат 18:00 мин, аукциондық сауда-саттықты өткізудің басталу
мерзімі 2023 жылғы 9 наурызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу
уақыты өзгеріссіз қалды, сатып алу тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.
«Аукцион (2022 жылдан
бастап)» тәсілімен сатып алуларда «Сауда-саттықты өткізу күні» 2023 жылғы 6
наурыздан 7 наурызға ауыстырылғанын, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты
өзгеріссіз қалғанын атап өтеміз, сатып алу тізімін қарау үшін мына
сілтемеге өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар
үшін кешірім сұраймыз.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 01.03.2023
Мемлекеттік
сатып алу веб-порталын (бұдан әрі-Портал, порталда 2023 жылғы 1 наурыз сағат
12:21:00-ден 2 наурыз сағат 10:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді
қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімдері) пайдалану (қол
жеткізу) жөніндегі қызмет үшін төлемақы төлемдерін ұзақ өңдеуге байланысты
хабарлаймыз, 2023 жылдың 2 наурызында сағат 18:00:00-ге ауыстырылды.
Тасымалданған
сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Толығырақ
