Барлық веб-портал пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 02.05.2024
2024 жылғы 2 мамырда осы
тауар бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын Өнім берушімен тауарларды
мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт жасасу бөлігінде пысықтау іске
асырылды: Жүйе шарт жасау кезінде (өнім берушіні шарт жобасына қосқан кезде
шарт жасасудың үлгі нысанымен «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден»
тәсілімен шарт жасалған жағдайда) өнім берушінің осы тауар бойынша отандық
тауар өндірушілер тізілімінде бар-жоғына форматты-логикалық бақылау жасайды.
Егер өнім беруші осы
тауар бойынша отандық тауар өндіруші болып табылған жағдайда:
- Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларының 151-тармағы бойынша соманы қоспағанда, өнім беруші тарапынан МС туралы Заңның 26-бабына сәйкес сомаға, шарттың жалпы сомасынан 3%-ға аванс сомасына қамтамасыз етуді енгізу талап етілмейді!
- егер тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, «Баға ұсыныстарын сұрату» немесе «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден» сатып алу тәсілін қоспағанда, Жүйе шарттағы аванс пайызын 30%-ға (жоспар тармағындағы бастапқы мәніне қарамастан) автоматты түрде өзгертеді.
Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!
Хабарламалар 30.04.2024
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2024 жылғы 29 сәуірдегі сағат 14:36:00-тен бастап 2024 жылғы 30 сәуірдегі 13:00:00 дейінгі кезеңде түсетін «Аукцион (2022 жылдан бастап)», «Бағалы ұсыныныстарға сұраным», «Тұрғын үй сатып алу», «Ашық конкурс», «Баға ұсыныстарын сұрату», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен өткізілетін конкурс», «Баға ұсыныстарын сұрату (new МС емес)», «МС емес сатып алу бойынша бір көзден», «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс», «Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың бірінші кезеңі», «Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі», «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Тендер» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі, өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2024 жылғы 02 мамыр сағат 13:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
2024 жылғы 30 сәуір сағат 09:00-ге сәйкес келетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 03 мамыр сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 2024 жылғы 30 сәуір сағат 09:00-ге сәйкес келетін "Арнайы тәртіппен мемлекеттік сатып алу" 2024 жылғы 02 мамыр сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.
2 «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс» және «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуларын өткізу тәсілімен порталда өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі өзгертілгенін хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін сілтемеге өтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 29.04.2024
Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!
Хабарламалар 27.04.2024
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2024 жылғы 27 сәуір сағат 21:00:00-ден бастап 2024 жылғы сәуір сағат 13:00:00-ге дейінгі кезеңде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Ашық конкурс», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «МС емес сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың бірінші кезеңі» деген сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімдері 2024 жылғы 29 сәуір сағат 15:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 29 сәуір сағат 09:00:00-ге түсетін, "Ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу" 2024 жылғы 30 сәуір сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.
2024 жылғы 27 сәуір сағат 21:00:00-ден бастап 2024 жылғы 29 сәуір сағат 13:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 30 сәуірге ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттық өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.
2. 2024 жылғы 27 сәуір сағат 21:00:00-ден бастап 2024 жылғы 29 сәуір сағат 13:00:00-ге дейінгі кезеңде «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуды жүргізу тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 30 сәуірге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 25.04.2024
25.04.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Құрметті пайдаланушылар!
Жаңалықтар 14.04.2024
«ҚР ҚМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығымен
көзделген түзетулер шеңберінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу
бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021
жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық
әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген
субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына «Сатып алуға қатысу үшін
лоттар қосу» кезеңіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.
«Тендер»
әдісі үшін:
Егер
лоттар ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, онда Өнім
берушіде осы ТЖҚК бойынша индустриялық сертификат болуы қажет, индустриялық
сертификат болмаған жағдайда Жүйеде қате көрсетіледі.
Егер лот
ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса және бұрын лот бойынша өткізілмей
қалған сатып алу жүргізілген болса, онда Жүйе индустриялық сертификаты жоқ Өнім
берушіге өтінім беруге мүмкіндік береді (2024 жылғы 29 сәуірден бастап
жарияланған сатып алу бойынша).
Толық
нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.
«Ерекше
тәртіп қолданылатын тендер» және «Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып
алу» тәсілі үшін:
Егер
лоттар ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, онда Өнім
берушіде осы ТЖҚК бойынша индустриялық сертификат болуы қажет, индустриялық
сертификат болмаған жағдайда Жүйеде қате көрсетіледі.
Егер лот
ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, бірақ сатып алу түрі «Қайта
сатып алу» болса, Жүйе индустриялық сертификаты жоқ Өнім берушіге өтінім беруге
мүмкіндік береді (2024 жылғы 29 сәуірден
бастап жарияланған сатып алу бойынша).
Толық
нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 12.04.2024
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 193 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 10.04.2024ж. № 34239 тіркелді) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген) түзетулер енгізілді. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, осында танысуға болады.»Толығырақ
Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!
Жаңалықтар 12.04.2024
Ағымдағы жылғы 6 сәуірде
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде
2026 жылдан бастап электр энергиясының кепілдік беретін өнім берушілерімен
энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату шартын тікелей
жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды
негіздерден алып тастау көзделеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті аталған норманы іске асыру үшін электр энергиясының кепілдік беретін өнім берушілерінің тізімін ұсынды.
Осыған байланысты, кепілдік беретін электр энергиясының өнім берушілеріне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасу үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жалпы энергиямен жабдықтау қызметі бойынша қолжетімділік берілді (ТЖҚ БНА коды 351210.900.000000).
Тізіммен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 12.04.2024
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (12.04.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (12.04.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
Толығырақ