Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
2022 жылғы 15 наурызда мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» АЖ-да техникалық ақау тіркелгенін, осыған байланысты салық берешегі туралы мәліметтер бойынша сұрау салулар өңделмегенін хабарлаймыз. 15 наурызда сағат 12:52:00-ден бастап 16 наурызда сағат 10:00:00-ге белгіленген «Ашық конкурс», «Аукцион», «Алдын ала біліктілік бойынша конкурс», «Оқушыларды және студенттерді тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу конкурсы», «Оқушылар мен студенттерді тамақтандыру қызметтерін сатып алу бойынша конкурс», «Аукцион (2022 жылдан бастап)», «Баға ұсыныстарына сұрау салу ( МС new емес)», «Бір көзден сатып алу үшін өтпей қалған сатып алулар МС емес» тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінде ұсыныстар қабылдау 2022 жылғы 16 наурызда сағат 13:00:00-ге ауыстырылды.
«Аукцион (2022 жылдан бастап)» әдісі бойынша сатып алу кезінде сауда-саттықтың басталу күні 2022 жылғы 17 наурызға ауыстырылғанын, ал сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалғанын хабарлаймыз.
Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемені орындаңыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
