Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!


Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға қатысты мәселелердін туындауына байланысты келесіні түсіндіреді.

01.01.2016 жылы қолданысқа енген Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 5 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілерге (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) қатысты, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 37 бабы 1 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, 2015 жылы пайда болған мемлекеттік сатып алу шартын жасаудан жалтарған немесе қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайдағы құқықтық қатынастар жөнінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таңу бойынша сот органдарына жүгінулері қажет.