ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Құрметті мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аталған сатып алу тізбесінің ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) анықталғандығын хабарлаймыз.
Осыған орай, сатып алуға ұсыныс әзірлеу кезінде ББӘ тізіліміне енген Тапсырыс берушілер (бұдан әрі – Тапсырыс берушілер),ТЖҚ кестесімен танысулары қажет. Аталған кестедегі «ТЖҚК» бағанында бар код сатып алуға ұсыныста қолданылған жағдайда, Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушы ретінде Комитетті, БСН 140540018167 таңдауға міндеттенеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіздер Комитеттің мекен-жайына: 8 (71-72) 71-74-11,8 (71-72) 71-71-25, 8 (71-72) 71-86-20 телефондарына және t.kudabayev@minfin.gov.kz, s.baimagambetov@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайларына жүгіне аласыздар».
