Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ!


«Қазынашылық-Клиент» АЖ және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ интеграциялық жүйелеріне тест жүргізу бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне, сондай-ақ жасалған шарттарды веб-портал арқылы қазынашылық органдарына тіркеуге жіберу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізуге арналған нормативтік құқықтық базаның дайындалуына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мынадай шешім қабылдады.

Уақытша, көрсетілген шарттарды интеграциялағанға дейін, веб-порталда жасалған және қазынашылық органдарында тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды (шарттарға қосымша келісімдерді) кейіннен «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы немесе қағаз тасығышта қазынашылық органдарына тіркеу үшін жолдай отырып, басып шығару және мемлекеттік мекеме басшысының қолын қойып куәландыру қажет.

Бұл ретте шарттың веб-порталда жасалуының шынайылығы жүйеде жасалған электрондық шартқа меншіктелетін бірегей код арқылы анықталатындығын атап өтеміз.