ҚҰРМЕТТІ ПОРТАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ! ПОРТАЛДА «ШАРТТАР» МОДУЛІНІҢ ФУНКЦИОНАЛЫ МЫНАЛАРДЫҢ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢАРТЫЛДЫ:
1. Қазынашылық органдарында шартты тіркеуді қамтамасыз ету үшін «Қазынашылықта тіркеумен» белгісін өзгертуге мүмкіндік беретін, «Қазынашылықта тіркелусіз» белгісін Тапсырыс беруші қате таңдаған кезде (бұл ретте шарттың екі тарабынан әрекетті растау талап етіледі) «Қолданыста» мәртебесінен; сондай-ақ «Жасалмады» мәртебесінен «Жоба» мәртебесіне шартты келісуді қайтару мүмкіндігі. Пайдаланушылардың барлық әрекеттері «Келісу» қойындысында бекітіледі.
2. Акті деректері бойынша нақты сомаларды автоматты бөлу. 2017 жылғы Шарттар бойынша төлемдерді қосу және қолмен бөлу қажеттілігі жоқ. Актіні бекіткеннен кейін нақты сомалар электрондық актілерде көрсетілген деректер бойынша нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша автоматты бөлінеді.
3. Қаржы, телекоммуникациялық қызметтер және электрмен жабдықтау қызметтері үшін актілердің функционалдылығын жою. Белгілі қызмет бойынша актілерді жою үшін Тапсырыс беруші ТЖҚБНЖ коды бойынша қызметті актілерді қалыптастыруды жоюға арналған қызметтердің тізбесіне қосу үшін ҚР Қаржы министрлігінің ресми сауалына жіберуі қажет.
Егжей-тегжейлі сипаттаманы Тапсырыс беруші және Өнім беруші нұсқаулығынан қараңыз.
