Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР!


2016 жылғы 01 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы қолданысқа енгізілгендігін хабарлаймыз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын оған ұсынған күннен бастап 3 жұмыс күні мерзімінде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылмауына байланысты әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні Жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматы түрде қосу жөніндегі функционал іске асырылғандығына Сіздердің назарларыңызды аударамыз.