«ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ» ТӘСІЛІМЕН ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ШАРТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҒЫ ҚОЛ ЖЕТІМДІ
2016 жылғы 12 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 39-бабының 3-тармағына сәйкес 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшалар бойынша тікелей шарт жасасу әдісімен бір көзден алу тәсілімен және «Тауар биржалары арқылы» тәсілімен қағаз нысанда шарт құру мүмкіндігі пайдалануға енгізілген болатын.
Шартты «қағазда» жасасу үшін тікелей шарт жасасу әдісімен бір көзден алу
жоспарының тармағын құрған кезде ол бойынша шарт Портал арқылы жасалмайтын
39-бап бойынша негіздемені таңдау және шарт жасалған кезде 39-баптың
ескертулері бойынша тармақтарды ғана таңдау қажет, сонда автоматты түрде қағаз
түріндегі шарт жасалатын болады.
2016 жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде Порталда «Сатып алу 2016» модулінде
Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген, Қазақстан
Республикасының бейрезиденттерімен қағаз нысанында жасап, шарт құру жөніндегі
функционал іске асырылатындығын, сондай-ақ ақпанның аяғына дейін төлемдер
енгізу және шарттарды орындау жөніндегі функционал толық пысықталатындығын қосымша
хабарлаймыз.
Көптарапты шарт жасасу үшін «Тапсырыс беруші және өнім беруші» деген
қойындыда үшінші қол қоятын тараптың ЖСН/БСН таңдау қажет. Осы тараптар шартқа
қол қоюы қажет, бірақ олар шартты келісуге қатыспайды.
