Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!


Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 28.04.2021ж. сынилықтың орташа деңгейіндегі техникалық ақаулықтың тіркелгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында авторизациялану кезінде оқтын-оқтын проблемалар туындағандықтан 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 18:57-ден бастап 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Тұрғын үйді сатып алу», «Алдын ала біліктілікті іріктеумен конкурс», «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс», «Тендер», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» «МС емес өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МЕ емес new)», «Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модуліне өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау және қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталуы 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 20:00-ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 29 сәуірде сағат 23:59:59 аралығына түсетін камералдық бақылау хабарлауын жолдау, хабарлауды орындау, сапаны бақылау, арызды, қарсылықты, қорытындыны ұсыну, шарттарға қол қою мерзімінің 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 23:59:59 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Қол қою мерзімі ауыстырылған шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.