Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Хабардар ету орындалмаған кездегі ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты жадынама!


Бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту мақсатында хабардар етуді орындамаған жағдайда ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты жадынамамен танысу қажеттігі туралы хабарлаймыз.


Хабардар ету орындалмаған жағдайда ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты мемлекеттік сатып алу веб - порталындағы ақпарат (қысқаша жадынама)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) Тапсырыс берушілер мен Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға мынадай ақпаратты жеткізеді:

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 30-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес камералдық бақылаудың ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі ол мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін хабардар ету орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне және 207-бабына сәйкес лауазымды адамдардың жауапкершілігі қарастырылған.

Осыған байланысты, Комитет Қазақстан Республикасы заңнамасының көрсетілген талаптарын сақтау қажеттілігі туралы еске салады!