Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз!


Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жеке кабинетке кіру кезінде "Қолтаңбаны қалыптастыру кезіндегі қате" қатесі туындаған кезде браузерге импортталған сертификатты жою, одан кейін браузердің тарихын тазарту қажет екенін хабарлаймыз. Бұл мәселе сертификаттары бұрын браузерге импортталған пайдаланушыларда туындайды. Төменде қолданылатын браузерге байланысты қажетті әрекеттер толығырақ сипатталған:

1. Google Сһгоме
Жоғарғы оң жақ бұрышта 3 көлденең жолақты басыңыз - "Орнату" - "Құпиялылық және қауіпсіздік" - "Қауіпсіздік" - "Сертификаттарды орнату"-"Жеке" қосымша парақшасында импортталған сертификатты таңдап, Жою батырмасын басыңыз.
Бұдан әрі - 3 көлденең жолақты басыңыз - "Орнату" - "Құпиялылық және қауіпсіздік" - "Тарихты тазарту": "Негізгі орнату" бөлімінде "Барлық уақытта" таңдап - құсбелгілермен мыналарды белгілеңіз:
- браузердің тарихы,
- cookie файлдары мен сайттың басқа да деректері, - кэште сақталған суреттер мен басқа да файлдар.
Содан кейін "Деректерді жою" батырмасын басыңыз.
"Қосымша" бөлімінде "Барлық уақытта" таңдаңыз - құсбелгілермен мыналарды белгілеңіз:
- браузердің тарихы,
- жүктеу тарихы,
- cookie файлдары және сайттың басқа да деректері,
- суреттер мен кэште сақталған басқа да файлдар.
Содан кейін "Деректерді жою" батырмасын басыңыз.
Браузердің кэшін тазалағаннан кейін, осы браузерді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ іске қосыңыз.

2. MOZILLA FIREFOX
Жоғарғы оң жақ бұрышта 3 көлденең жолақты басыңыз "Орнату" - "Құпиялылық және Қорғау" - "Сертификаттар" - "Сертификаттарды қарау" - "Сіздің сертификаттарыңыз" - импортталған сертификатты таңдап, "Жою" батырмасын басыңыз
 Бұдан әрі - "Орнату" - "Құпиялылық және Қорғау" - "Куки және сайт деректері" батырмасын басыңыз
- "Деректерді жою" сілтемесін басыңыз - ашылған шағын терезеде "Куки және сайт деректері", "Кэштелген веб - мазмұн" құсбелгілерін қойып, "Жою" сілтемесін басып, "Қазір жоюды" қайталаңыз
Бұдан әрі - "Параметрлер" - "Құпиялылық және қорғау" – "Тарих", содан кейін "Тарихты жою" сілтемесін басыңыз - "Жою" жиегіндегі ашылмалы тізімнен "Барлығы" таңдаңыз - құсбелгілермен мыналарды белгілеңіз:
- кіру және жүктеу журналы,
- формалар мен іздеу журналы,
- куки,
- кэш,
- белсенді сеанстар.
Содан кейін "Қазір жою" батырмасын басыңыз.
Браузердің кэшін тазалағаннан кейін, осы браузерді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ іске қосыңыз.