ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:
15-17 наурызда мынадай жаңартулар ауыстырылды:
1. Шартты жасаған кездегі жоспар тармақтарын таңдағанда, «Шарт нысандары» қойындысында, шарттың 1-қосымшасында «Қос.сипаттама» алабын бейнелеу қосылды.
2. Өнім берушінің шарт жоспары жасырылды. Егер шартты Тапсырыс беруші растаса ғана, өнім берушіге қарау үшін шарт қолжетімді.
17 наурызда егер өнім беруші 3 күннің ішінде растамаса, өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы жөніндегі қателіктер түзетілді. 29 наурызда шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді» болған, ол бойынша өнім берушіден 3 жұмыс күні ішінде растау алынбаған, келісуге шарттарды жіберу күндері жаңартылды. Өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы функционалдылығын Порталдың іске қосуына дейін осы шарттар келісуге жіберілді. Қызметті автоматты іске қосқаннан кейін 2016.30.03 00-00 шартты қалыптастыру мүмкіндігі үшін шарттардың мәртебелері «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» болып автоматты ауыстырылды.
28 наурызда мынадай жаңартулар жүктелді:
1. Қосымша келісімдегі сома азайған кезде шарттың жалпы сомасын автоматты қайта есептеу.
2. «Шарт және келісу» қойындысында техникалық ерекшелікті, сондай-ақ жүйенің талабы қол қоятын тараптардың техникалық ерекшелікке міндетті түрде қол қоюын бейнелеу.
3. Егер шартқа қол қойғаннан кейін ЖҚТ өнім беруші енгізілсе, шарттағы әрекеттерді орындау мүмкіндігі (шартты тоқтату және орындау жөніндегі әрекеттер, МС туралы есепті қоса жалғау Тапсырыс берушіге қолжетімді).
