ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында 29 наурызда «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:
Шартты жасаған кездегі «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» тәсілімен сатып алудың қорытындылары бойынша – қорытындыларды жариялау күні және ағымдағы уақыт арасындағы айырма 5 жұмыс күнінен аз болса, жоспар тармақтары бейнеленеді, бірақ таңдау үшін қолжетімсіз.
Шартты жасаған кезде жоспар тармақтарын таңдау нысанында мынадай ақпарат хабары шығарылады:
«Лоттарға, қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күні өтпеген қорытындыларға шағым жасалына алады, сонымен байланысты олар бойынша шарт жасау үшін қол жеткізу қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кейін, немесе шағым жасау рәсімі аяқталғаннан кейін ғана ұсынылатын болады».
Осы функционалдылық «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 47 бабы 2 т. сәйкес іске асырылды.
