ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
2016 жылғы 05 сәуірде www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - Портал) түрлендірілген жүйесіндегі «2016 Сатып алу» модулінде мынадай функционалдылық енгізілді:
1. Өтті деп танылған сатып алу бойынша шарт жасасуды тоқтату және (немесе) бастапқы, қайталанатын сатып алуды құруды немесе «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сатып алу» тәсілдерімен өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды құруды тоқтату бойынша. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.
2. Өнім берушілердің өтініштерін (шағымдарын) қарау нәтижелері бойынша қорытындылардан бас тарту туралы және (немесе) шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы және (немесе) конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдау. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.
3. Тексеретін органдардың қызметкерлері қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін «Қорытындыларды қайта қарау» функционалы өтінімдерді қайта қарау үшін конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қолжетімді болады. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.
